AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Beles 2025 – жылдың спорт жетістіктері"...

Алматыда "Beles 2025 – жылдың спорт жетістіктері" спорттық-бұқаралық фестивалі өтті 

Барлығы 21.12.2025, 14:33 496 Сұлу
Алматыда "Beles 2025 – жылдың спорт жетістіктері" спорттық-бұқаралық фестивалі өтті 
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында жылды қорытындылаған "Beles 2025 – жылдың спорт жетістіктері" фестивалі ұйымдастырылды. Бұл маңызды спорттық-бұқаралық іс-шараға қала тұрғындары, әуесқойлар мен салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді азаматтар қатысты. 

Фестивальдің негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарын дене шынықтыруға тұрақты түрде тарту болды. Фестиваль аясында қатысушылар физикалық мүмкіндігін сынап, осы жылдағы спорт саласындағы жетістіктерін қорытындылады.

Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысты. Сонымен бірге балаларға, жасөспірімдерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы тапсырмалар ұсынылды. 

"Beles 2025" спорт фестивалі – бұл жыл бойы ел намысын қорғап, халықаралық аренада Қазақстанның атын шығарған спортшыларға көрсетілген құрметтің белгісі. Бұл спорттық іс-шара жылдың қорытындысын шығаратын маңызды межеге айналды. Фестиваль аясында 12 спорттық локация ұйымдастырылды. Әр орында қатысушылар арнайы функционалдық жаттығу орындап, жинаған ұпайын медальға айырбастау мүмкіндігіне ие болды", - деді фестивальдің маңызына тоқталған "Қоғамдық пікір" спорт лигасының өкілі Евгений Шамрай.

Оның айтуынша, фестивальде әр спорттық аймақта айлық форматта жасалған арнайы баннерлер қойылды. Баннерлер газет стилінде безендіріліп, бір жыл ішінде Қазақстан спортшыларының әлемдік аренадағы жетістіктерін көрсетеді. 

"Әр ай белгілі бір спорт түріне арналды: мысалы, қаңтар – бокс, ақпан – ауыр атлетика және т.б. спорт салалары. Ал қорытынды - он екінші баннерде Қазақстан спортшыларының бір жылда жеңіп алған жалпы медаль саны мен халықаралық рейтингтегі орны көрсетілді.

Фестивальдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту", - деді Евгений Шамрай.

"Бұл іс-шара мен үшін үлкен мотивация болды. Осындай жарыстар жастарды спортқа баулып, мүмкіндігімді ашуға көмектеседі деп ойлаймын. Келесі жылы да міндетті түрде қатысып, бүгінгі нәтижемді жақсартқым келеді", - дейді қатысушы Ілияс Канебай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);