Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтті

Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтті

Әлеумет 09.05.2025, 11:22 656
Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтті
Алматы қаласы әкімдігі

«Батырларға тағзым»: алматылықтар қазақ батырларының құрметіне орасан алып мемлекеттік туды көтеріп өтті

9 мамырда Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен ардагерлер бірлестіктері ұйымдастырған «Батырларға тағзым» атты еске алу акциясы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясындағы маңызды оқиға ретінде қала тұрғындарын біріктіріп, соғысқа қатысқан батырларымызға, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан барлық ержүрек азаматтарға құрмет білдіруге мүмкіндік берді.

«Батырларға тағзым» акциясына қатысушылар шеруін әскери үрмелі оркестр, Құрмет қарауылының ротасы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері бастап шықты.

Ардагерлердің қоғамдық бірлестіктері атынан акцияны ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің төрағасы, генерал-лейтенант Сарсеков Бексұлтан Сарсекұлы ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Бәрімізге белгілі, биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде. Бұл соғыста Қазақстан зор үлес қосты. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам жауынгеріміз – аталарымыз, әкелеріміз аттанды. Олардың тек 600 мыңы ғана елге оралды».

«Бүгінгі ұрпақ үшін азаттық пен жеңіс жолында, бүгінгі жарқын әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүруіміз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпау – қасиетті парыз. Біз бұл азаматтарды әрдайым жадымызда сақтауымыз керек», – деді ол.

Акция маршруты Гоголь көшесінің бойымен Орталық мәдениет және демалыс паркінен бастап, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жалғасты. Шара Мәңгілік алау жанындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Бұл сәтте оркестрдің сүйемелдеуімен әскери әуендер орындалды. Акцияға 30 мыңнан астам алматылық қатысты.

Акцияға қатысушылардың бірі, алматылық тұрғын – Гаухар Жүсіпова, майдангер болған атасының портретін ұстап келіп, оның ерлікке толы өмірі мен отбасы жадындағы тарихымен бөлісті:

«Менің атам Тлепов Калел Тлепұлы 1914 жылы Семей облысындағы Чалобай ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол 39-танк бригадасы құрамында, моторлы автоматшылар батальонының 1-ротасында автоматшы болып қызмет етті. Оның әскери жолы Севастопольден басталып, Волгоград пен Днепр арқылы өтіп, 1945 жылы Будапештке дейін жетті. Көрсеткен ерлігі үшін бабам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Біз – бала-шағасы, немере-шөберелері, атамыздың ерлігін мақтан тұтамыз. «Батырларға тағзым» акциясына қатысу арқылы оның рухына, сондай-ақ бейбіт өмір сыйлаған барлық ардагерлерге құрметімізді білдіреміз».

Жеңімпаздар ұрпағына деген мақтаныш пен бірлік сезімін 80 жылдық мерейтойлық символикамен және ұлттық өрнекпен безендірілген «Батырларға тағзым!» деген жазуы бар 10 тақырыптық баннер айрықша әсермен толықтырды.

Колонналарды безендіру барысында 500 мемлекеттік ту қолданылып, қатысушыларға 10 мың дана Қазақстан туы мен 20 мың «Жеңіс лентасы» таратылды. Іс-шараны ұйымдастыруға 500 ерікті жұмылдырылды. Жастардың 14×7 метр көлеміндегі алып Мемлекеттік туды көтеріп өтуі акцияның жарқын сәттерінің бірі болды.

Жеңіс туралы естелік – бұл тек тарих қана емес, қазіргі мен болашаққа арналған адамгершілік бағдар. «Батырларға тағзым» акциясы қазақстандық батырлардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын тағы бір дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Батырларға тағзым #акция #жеңіс күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астананың ортасында шетелдіктер дәрет сындырған: полиция не дейді?

Бүгін 12:29

Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді

Бүгін 12:13

Актер Әбілмансұр Серіков тағы да шаңырақ көтерді

Бүгін 11:57

Алматылық арудың жүрегіне жасалған күрделі ота сәтті өтті

Бүгін 11:54

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі