Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда балабақшаларды мемлекеттің меншігіне қайт...

Алматыда балабақшаларды мемлекеттің меншігіне қайтарып алып жатыр

Әлеумет 09.07.2025, 16:33 545
Алматыда балабақшаларды мемлекеттің меншігіне қайтарып алып жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының мемлекеттік активтер басқармасы бұрынғы балабақша ғимараттары мен комбинаттың бір ғимаратын қаланың меншігіне қайтармақ. Бұл бастама біртіндеп жаңадан мемлекеттік балабақшаларды ашуды тапсырған қала әкімінің тапсырмасымен іске асқалы отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары Жантөре Айтжановтың айтуынша, жалға алу шартының басым бөлігі бұзылып, қазір тараптардың екі нысанды қайтару үшін соттасып жатқаны мәлім болды.   

2002 жылдан бастап 11 жеке меншік пен арнаулы орта білім беру мекемесіне, атап айтқанда «Ақ ниет», «Элко», «Лидер», «Арай», «Магистр», «Сенім», «Кәсіпкерлер мектебі», «Көгілдір желкен», «Теремок», «Айгерім» мен Алматы менеджмент және сервис колледжіне 10 балабақша мен бір комбинат ғимараты жалға берілген.

2020 жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жеке ұйымдармен жасалған мүлікті жалға беру шарттарын кезең-кезеңімен бұзу туралы шешім қабылдаған. Бұл шешім мектепке дейінгі жаңа ұйымдарды құру үшін қабылданған болатын. Енді осы оқу орындарымен жасалған барлық жалға алу шарты қайта бұзылды.

2023 жылдың маусым айында «Арай» мен «Сенім» мекемесіне нысандарды қайтару туралы ресми хабарлама жолданып, шілде айында арадағы жалға алу шарты бұзылғанымен, олар нысанды босатудан бас тартқан еді. Осыған байланысты Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріп, сот талапты қанағаттандырды.

Соттың шешіміне қарамастан, «Арай» мен «Сенім» мекемесінің қызметкерлері бұл нысандарда әлі отыр. Алматыдағы Әділет департаментіне оларды мәжбүрлеп шығару материалы тапсырылды. «Арай» мекемесі ғимаратты 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін босатуды кейінге шегеруін сұрағанымен, 3 шілдеде өткен сот оған келіскен жоқ. 

Құқықтық рәсім аясында 2025 жылғы 14 пен 15 шілдеде Алматы қаласының Әділет департаменті жаңағы мекемелерді нысаннан шығара бастамақ.  

Аталған нысандарды коммуналдық меншікке қайтару мен оларды құрылыс-жөндеу жұмысына даярлау барысы заң шеңберінде іске асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақша #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі