AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда автотұрақтар мен электрсамокаттардың қозғ...

Алматыда автотұрақтар мен электрсамокаттардың қозғалыс ережелеріне енгізілуі мүмкін өзгерістер талқылануда

Әлеумет 29.05.2026, 14:18 390
Алматыда автотұрақтар мен электрсамокаттардың қозғалыс ережелеріне енгізілуі мүмкін өзгерістер талқылануда
Алматы әкімдігі

Алматыда автотұрақтар мен электрсамокаттардың қозғалыс ережелеріне енгізілуі мүмкін өзгерістер талқылануда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында автотұрақ кеңістігін, көлік құралдарын эвакуациялау тәртібін және жеке мобильділік құралдарын, соның ішінде электрсамокаттарды пайдалануды реттеуге бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары әзірленді.

Ұсынылып отырған өзгерістер қатарында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін тұрғылықты жеріне жақын аумақта тегін автотұрақ енгізу, автотұрақ ақысынан босатылатын жеңілдік санатындағы азаматтар тізімін кеңейту, сондай-ақ кейбір автотұрақ аймақтарында тегін уақыт аралықтарын енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар, жобаларда электрсамокаттарды орналастыруға арналған арнайы аймақтарды белгілеу, автокөліктерді эвакуациялау бойынша бірыңғай тарифтерді және айыптұрақтардың жұмысына қойылатын талаптарды бекіту көзделген. Жекелеген құжатпен ақылы коммуналдық автотұрақтарды ұйымдастыруға арналған көшелер мен аумақтардың тізбесін бекіту, сондай-ақ автотұрақтарға сараланған тарифтер енгізу ұсынылуда.

Қазіргі уақытта жобалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімінен өтуде. Талдау аяқталғаннан кейін ережелер жария талқылауға және қарауға ұсынылады. Түскен ұсыныстардың қорытындысы бойынша құжаттарды одан әрі бекіту туралы шешім қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автотұрақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

Бүгін 12:17

Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Бүгін 12:15

Сапа стандарттан басталады: Алматыда тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі талқыланды

Бүгін 12:06

Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Бүгін 11:34

"Болашақ" бағдарламасына қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);