Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Астана күніне орай мектеп пен балабақшала...

Алматыда Астана күніне орай мектеп пен балабақшалар ашылды 

Әлеумет 06.07.2021, 12:12 1,858
Алматыда Астана күніне орай мектеп пен балабақшалар ашылды 
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Қазақстан астанасы күніне және Тәуелсіздікке тарту ретінде алматылық балалар үшін 725 орынды екі мектептің жаңа корпусы,  120 орынды төрт мемлекеттік балабақша, сондай-ақ бірнеше жекеменшік білім беру мекемелері ашылды.




Алматыда орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік және жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарына жаңа корпустар салынып, бірнеше мекемеде сейсмикалық шаралар күшейтілді. Бұл жыл соңына дейін 21 мыңнан астам жаңа оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. 




Астана күніне орай Бостандық ауданы Орбита-1 ықшамауданында 600 орынды №60 гимназия ғимаратының жаңа корпусы ашылды. Гимназияның жобалық қуаты 1700 оқушы орнын құрайды.


Гимназияда кеңейтудің арқасында қосымша кабинеттер пайда болды және екі ауысымды оқыту мәселесі шешіледі. 




Алатау ауданында жұмыс істеп тұрған №166 лицей ғимаратына жапсарлас 125 орындық жаңа қосымша құрылыс орны ашылды. Жаңа ғимаратқа дейін оқу орнында 360 орын болды, қазір 485 орынды құрайды.



Алматы қаласында Астана күніне орай екі жекеменшік мектеп ашылды. Олар - Бостандық ауданы, Бағанашыл ықшамауданында 60 орындық "COSMO PRIMARY SHOOL" бастауыш мектебі және қаланың Әуезов ауданында 130 орынды "АВС School" жеке мектебінің ашылуы өтті.  


Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша балабақшадағы орын тапшылығын төмендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 


Астана күні қарсаңында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданында мемлекеттік тілде оқытатын №194 балабақшаның ашылуы өтті.


Балабақшаның жобалық қуаты 120 баланы құрайды. Сондай-ақ 40 жаңа жұмыс орны құрылды.


Алматы қаласы Наурызбай ауданы, Таусамалы ықшамауданында 40 жаңа жұмыс орнын құрумен 120 балаға есептелген №193 жаңа мемлекеттік балабақша ашылды.



Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ғимараттарын салуға бос жер учаскелерінің жетіспеуінен, әкімдік жалпы білім беретін мектептердің аумақтарында жаңа балабақша салу туралы шешім қабылдады. Бұл балабақшалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге, әр балаға үйдің жанындағы мектепке баруға әрі достарымен серуендеуге мүмкіндік береді. 




 
 Наурызбай ауданы, Таусамалы ықшамауданында  №186 мен  №187 жалпы білім беретін мектептердің аумағында әрқайсысы 120 орындық екі жаңа балабақша ашылды.



Түрксіб ауданында мемлекеттік білім беру бойынша 68 балаға арналған "Адель" жеке меншік балабақшасы ашылды.


"Біз жеке меншік балабақшада балаларға білім мен тәрбие беруге мемлекеттік қолдау алдық. Қазір жаңа оқу жылына топтар жинаймыз. Балаларды екі жастан бастап қабылдаймыз. Бұл орыс балабақшасы, бірақ балаларға қазақ тілі мен ағылшын тілдерін де үйретеміз. Мемлекеттік бағдарламалардан басқа білім беру жобалары да бар", – деді балабақша құрылтайшысы Лариса Ли. 


Алматы қаласы Бостандық ауданында тағы бір "ALGABAS-3" жеке меншік балабақшасының ашылуы өтті. 


Балабақшаның жобалық қуаты 160 баланы құрайды. Сондай-ақ 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған балабақша мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істеуді жоспарлады.


2021 жылдың басынан бері Алматыда 1,7 мың орындық 30-ға жуық жекеменшік ұйымдары ашылды. Жыл соңына дейін тағы да 5 мың орындық 35 жеке балабақша ашу жоспарлануда. Мемлекеттік тапсырыс 20 441 орынға 397 мектепке дейінгі ұйымға орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #наркотики #изъятие #Елорла #астана #тарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика