AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік қақтығыстың басты себебін атад...

Алматыда әлеуметтік қақтығыстың басты себебін атады - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеуі

Әлеумет 07.04.2026, 11:41 229 yakiya
Алматыда әлеуметтік қақтығыстың басты себебін атады - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеуі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доцент-зерттеушісі Гульнара Исмуханова Қазақстандағы әлеуметтік қақтығыстың қалай қалыптасып, дамитыны және оларды қоғамдағы құндылықты өзгерту арқылы қалай басқаруға болатынына арналған жобаның нәтижесін ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан ғылымы күніне орай әлеуметтік-гуманитарлық зерттеудің жетістігі мен болашағына арналған баспасөз конференциясы болды.

«Біздің жоба әлеуметтік қақтығысты зерттеуге бағытталған. Біз оларды жекелеген оқиға ретінде ғана емес, адамдардың құндылығымен байланысты жүйелі құбылыс ретінде талдаймыз. Бұл мемлекеттік деңгейде, өңірлер мен жекелеген топтар деңгейінде қақтығысты басқару моделін әзірлеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында қоғамдағы шиеленісті азайтып, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектесетін тәсіл ұсынамыз», - дейді.

Зерттеу адамдардың мінез-құлқын құндылықтар жүйесі арқылы түсіндіретін халықаралық теорияларға негізделген. Спикердің айтуынша, әртүрлі топтардың негізгі ұстанымының сәйкес келмеуі көбіне қоғамда шиеленістің тууына себеп болып жатады екен.

«Адамдар немесе әлеуметтік топтар арасындағы құндылықтың кез келген айырмашылығы қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан қақтығысты тіркеп қана қоймай, оның табиғатын түсінуіміз керек. Біз Қазақстандағы ең кең таралған қайшылық түрлерін жіктеп, оларды қалай басқаруға болатынын анықтай аламыз. Бұл қауіп-қатерді алдын ала болжап, оның алдын алу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Гульнара Исмуханова.

Зерттеу барысында ғалым қазақстандықтарды біріктіріп, ажырататын құндылықтарды да талдады. Жоба авторының пікірінше, бұл болашақтағы қақтығысты болжап, қоғамның қалай өзгеретінін түсінуге сеп болмақ.

«Құндылықтар - адамның да, қоғамның да мінез-құлқын айқындайтын басты фактор. Олар өмір сүру жағдайына, экономикалық ахуалға, саяси ортаға байланысты өзгеруі мүмкін. Осы үдерісті түсіну қоғамның қалай трансформацияланып жатқанын және бұл болашақта қақтығыстар деңгейіне қалай әсер ететінін көруге көмектеседі», - деді Гульнара Исмуханова.

Жоба аясында зерттеушілер халық арасында сауалнама жүргізіп, сұқбат алып, материалдарды талдау мен сценарийлік модельдеу әдісін қолданды. Бұл қоғамда көрініс табатын құндылықтардың бірнеше деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Базалық деңгей өмір сүру мен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты. Келесі деңгей - отбасы мен қауымдастық ішіндегі қолдау, дәстүр мен өзара көмек. Белсенді деңгей көшбасшылыққа, табысқа және өзгерістерге ұмтылумен байланысты, бірақ қолайсыз жағдайда агрессия, теңсіздік пен күш көрсету арқылы көрінуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, осы деңгейлерді түсіну тиімді саясат қалыптастырып, қоғамдық диалог орнату үшін керек. Алынған деректер елдегі әлеуметтік шиеленісті төмендетіп, қақтығысты тиімді басқаратын тетіктерді әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);