AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда адам өліміне себепші болған көлік ұрысы қ...

Алматыда адам өліміне себепші болған көлік ұрысы қамалды

Оқиға 26.08.2022, 05:10 1,167
Алматыда адам өліміне себепші болған көлік ұрысы қамалды
Сурет: Интерфакс

Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Алматыда көлік ұрысы адам өліміне әкеп соққан апатты жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


ПД Анықтау басқармасының хабарлауынша, бұрын бірнеше рет сотталған 22 жастағы Р. есімді азамат "Ақсай" ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан Mazda көлігін ұрлап кеткен, содан кейін тағы бірнеше қылмыс жасаған.



«Дәлірек айтсақ, Алатау ауданындағы тұрғын алабында қаскөй түнгі уақытта үш көліктің аккумуляторларын ұрлап кеткен. Ал таңғы алтыда ол адам өліміне әкеп соққан апатқа ұшырады. Көлік ұрысы Саина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Абай даңғылымен қиылысқанда Toyota Corolla және Kia Rio көліктерімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Kia Rio инерциямен кедергіге соқты. Бұл көлікті 52 жастағы ер адам басқарған. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.




Көлік ұрысын патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірді. Белгілі болғандай, Mazda көлігінің иесі өз көлік құралының ұрланғанын білмеген: көліктің өз үйінің ауласында екеніне сенімді болған.



«Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сонымен қатар, бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізілетін болады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Шәріпов. 


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #апат #ұры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының туристік әлеуеті Turkish Airlines-пен жасалған меморандум аясында шетелде ілгерілетіледі

Бүгін 15:52

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 15:46

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 14:45

«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

Бүгін 14:08

Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы

Бүгін 12:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);