AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін секциямен және...

Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін секциямен және үйірмемен қамтылды

Әлеумет 15.05.2023, 05:32 968
Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін секциямен және үйірмемен қамтылды
ekb.footbolika.ru

 Бұл туралы әлеуметтік желіде damubala.kz порталын әзірлеуші QazTiqet компаниясы хабарлады.


Алматы әкімдігі 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлді, оның 30 495 - спорт секцияларына, 35 244 - шығармашылық үйірмелерге арналған. Бұл елдегі қалалар мен облыстар арасында балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруына бөлінген бюджет қаржысының ең көп бөлігі. Мысалы, Астана қаласында 6,5 млрд теңге, Шымкент қаласында 5,7 млрд теңге, Қызылорда облысында 4,3 млрд теңге және т.б. бөлінді.


Ата-аналардың деректерін электрондық цифрлық қолтаңба ("Электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 12) тармақшасы) арқылы растауға, сонымен қатар, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялауға байланысты DamuBala жаңа платформасына көшу кезінде 22 781 орын босады.


Осылайша, өткен жылдан бері белсенді ваучерлер саны 42 958, босаған ваучерлер саны 22 781, берілетін ваучерлердің жалпы саны 65 739 жетті.



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №120 және 122 бұйрығымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, осы жылдың 3 және 10 мамырында босатылған 22 781 орынды бөлу мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық DamuВala онлайн платформасына кезекке тіркеу аяқталды. Соның нәтижесінде 55 889 өтінімнің кезегі түзілді, қазірдің өзінде белсенді 42 958 ваучер бар.



12 мамырда 22 781 тегін ваучер беру рәсімі басталды. "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 14-4) тармақшасына және "Дене шынықтыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 20-7) тармақшасына сәйкес, ваучерлер бекітілген қаржыландыру көлемі шегінде беріледі.



Ваучер берілген соң кезектегі үміткерлердің саны 33 108 болатындықтан, бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №120 және 122 бұйрығымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 13 мамыр күні, сағат 00:00-де бюджетте көзделген қаражат көлемінен едәуір асып түседі, DamuBala онлайн платформасында кезекке қою аяқталды.



Алдағы уақытта кезекте тұрғандар арасында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына орын бөлу орын босаған сайын жалғасады. Бұл туралы уақытылы хабарланады.



Анықтама үшін ақпарат:
Мына себептерге байланысты орындар босатылады: басқа қалаға көшу, баланы үйірмеден немесе секциядан шығару, ваучерден бас тарту, баланың ауыруына байланысты қатыспауы және т.б.



Айта кетейік, ваучерді алған ата-аналар ол іске қосылғанша балалары секцияға немесе үйірмеге 10 күн ішінде екі рет тегін баруға құқылы. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 және 2022 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрығымен бекітілген. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, осы 10 күн ішінде үйірме басшыларымен қызмет көрсету туралы шартқа қол қойып, ваучерді іске қосу үшін құжаттарды толық ұсынуыңыз қажет. Оған мына құжаттар жатады:
1) еркін үлгіде спорт секциясына/шығармашылық үйірмеге қабылдануға өтініш;  
2) баланың суреті;
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) 027/у үлгідегі медициналық анықтама;
5) баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Бүгін 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Бүгін 10:13

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін 09:08

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Кеше 19:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);