AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 5 мыңнан астам «Сергек» бейнекамерасы күн...

Алматыда 5 мыңнан астам «Сергек» бейнекамерасы күнделікті жол тәртібін қадағалайды

Әлеумет 24.05.2023, 13:00 1,061 Almaty-akshamy
Алматыда 5 мыңнан астам «Сергек» бейнекамерасы күнделікті жол тәртібін қадағалайды
Сурет: Ашық дереккөз

766 «Сергек» автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді


Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Самат Әбжапаров қалада жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерден айыппұл өндіру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Спикердің айтуынша, Алматыда автоматты режимде 766 «Сергек» автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді, бұл дегеніңіз - 5034 бейнекамера. «Олар қалада жылдамдықты асыру, жол белгілерін елемеу, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту және қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру секілді әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайды. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік нұсқаулар Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі өңдеу орталығының деректер базасында қалыптасады. Одан соң көлік иелеріне смс-хабарламалар жіберіледі. Көлік иелері әкімшілік айыппұлды 7 күн ішінде 50% жеңілдікпен төлейді. Жеті күннен соң айыппұл 100% сомаға ауыстырылады және 30 күн ішінде ерікті түрде төленеді. ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабына сәйкес, 30 күн өткен соң мәжбүрлеп төлету үшін Жеке сот орындаушылар палатасына жолданады», – деді Алматы қаласы ПД ӘПБ-ның әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы Самат Әбжапаров.


Ол сондай-ақ қала аумағында борышкерлерді, өз еркімен әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген адамдарды анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика