AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2021 жылдың соңына дейін 16 мың оқушы орн...

Алматыда 2021 жылдың соңына дейін 16 мың оқушы орны пайдалануға беріледі

Әлеумет 08.10.2021, 11:55 1,222
Алматыда 2021 жылдың соңына дейін 16 мың оқушы орны пайдалануға беріледі
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын қолдау саясаты жалғасатынын атап өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мегаполистегі білім беру мекемелерінің тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



2025 жылға қарай елімізде 1000 білім беру мекемесі салынуы тиіс. Президент Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды.



«Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Алматы білім басқармасы жоспарлы жұмыс жүргізуде. Карантиндік шектеулерге қарамастан, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру мекемелерінің желісін одан әрі кеңейту мақсатында қазіргі уақытта 12 600 орындық 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде», - деді Қайрат Жұманов.



Алатау ауданында бес жаңа мектеп, Наурызбай ауданында тағы екі, Түрксіб ауданында бір жаңа мектеп ашылады. Салынып жатқан мектептердің үшеуі 2021 жылдың соңында пайдалануға беріледі (Томирис, Саялы және Қалқаман-2 шағынаудандарында).
 
Сонымен қатар, биыл мектептердің жанынан 8 263 орынға арналған 17 жаңа корпустың құрылысы басталды, олар: №38, 60, 166, 186, 6, 132, 117, 133, 144, 121, 199, 191, 57, 177, 102, 34, 170.



«№38, 60, 166 мектептерге үш жаңа корпустың құрылысы жаңа оқу жылы басталғанға дейін, ал №6, 121, 133, 144, 170, 199 мектептеріндегі 4 150 орынға есептелген жапсаржай құрылыстары қыркүйек айында аяқталды. Сонымен бірге қалған 8 білім ордасындағы - №34, 57, 102, 117, 132, 177, 186, №191  мектептердегі 4 113 оқушыға арналған қосалқы ғимараттың құрылысы қараша айының соңына дейін аяқталады», - деді Қайрат Жұманов.



Осылайша, жыл соңына дейін 16 мыңнан астам оқушы орны іске қосылады.


Білім басқармасы басшысының орынбасары биыл алматылық құрылысшылардың №7, 40, 45, 54 және 81 мектеп ғимараттарын қалпына келтіру және сейсмикалық нығайту жұмыстарын жүргізгенін хабарлады. 48 мектепті қайта құру, №9, 43 мектептерге қосымша құрылыстар салу және №129, 145, 166 мектептерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);