ffin.kz

Алматыда 190 мыңға жуық адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған

Алматыда 190 мыңға жуық адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған Almaty-akshamy.kz. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов хабарлады.

Жалпы, өткен кезеңде әлеуметтік көмек түрлерін 5,4 млрд теңгеге 189 мың адам алды.

 «Аз қамтылған халықты қолдау бағыттарының бірі әлеуметтік көмектің 20 түрін көрсету болып табылады. Әлеуметтік көмектің негізгі алушылары ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар, әлеуметтік маңызы бар аурулардың кейбір түрлері бар адамдар болып табылады», - деді Бауыржан Жаубасов.

Ол жыл сайын әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралып, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілетінін атап өтті.
Басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік қимылдарының ардагерлері үшін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді. Осылайша, басқа мемлекеттердің аумағындағы 3 225 жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне 9 мамыр мен 15 ақпанға 200 мың теңгеден төленді.

Бұдан басқа, белгіленген квотаға сәйкес желтоқсан оқиғасының мұқтаж қатысушыларына (120 квотадан) және зейнеткерлік жасқа толмаған басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне (180 квотадан) жыл сайынғы санаторий-курорттық емдеу ұсыну көзделген.

Қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының қолданыстағы шешіміне өзгерістер енгізілді, онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының ақталған қатысушыларына ҚР Тәуелсіздік күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл көмекті желтоқсан оқиғасының 677 қатысушысы алады. Сондай-ақ, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ақталған қатысушылары қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүруге құқылы.
 

ӨКҚ спикері қай отбасыларға коммуналдық қызметтерді ішінара төлеуге көмек көрсетілетінін айтты. «Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты «Инвестицияларға тарифтерді айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 2023 жылғы шілдеден бастап азаматтардың жекелеген 9 санатына 0,5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді,. Ағымдағы жылы аталған әлеуметтік көмектің мөлшері 0,8 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Төлемдерді 140 мыңнан астам адам алды. Бүгінгі күні аталған көмек бойынша төлемдер аяқталды», - деді Б.Жаубасов
  • Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті 2 536 отбасы немесе 12 859 адам алды.
  • Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады. 2024 жылғы 3 тоқсанда  ең төменгі күнкөріс шегі – 53 032 теңге, кедейлік шегі – 37 122 теңге. 

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушылар 4 050 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерін сатып алу үшін ақшалай төлеммен қамтамасыз етілген. 
* 683 отбасы (27 млн. теңге) коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы тұрғын үй көмегін алды, егер коммуналдық шығыстар отбасының жиынтық табысының 5% - нан асатын болса;
* Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан ҰОС мүгедектеріне, ҰОС-да қаза тапқан жесірлерге, ата-аналары мен жұбайларына ай сайын 6,5 АЕК әлеуметтік көмек төленеді. Бұл көмек 56 адамға көрсетілді.

Аз қамтылған отбасыларға газ жабдықтарын, су мен газды есепке алу құрылғыларын жүргізуге және орнатуға, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтеледі:
* газ жабдығы - 4 адам;
* су мен газды есепке алу құрылғылары - 167 адам;
-мүгедек балаларды үйде оқыту – 961 адам .

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін әлеуметтік көмектің мынадай түрлері көрсетіледі:
-    20 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек (73 840 теңге) егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен (106 064 теңге) аспаса; 6 907 адам (713,2 млн. теңге) көмек алды;
-    өрттен немесе дүлей зілзаладан зардап шеккендерге 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) әлеуметтік көмек, 18 адамға (50,2 млн. теңге) төленді; 

  • Сондай-ақ туберкулез және ЖИТС-пен науқастанған ааматтарға да  әлеуметтік көмек қарастырылған:
    * туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте тұрған адамдарға емнің амбулаториялық кезеңінде 12 АЕК мөлшерінде, 630 адам алған;
    * Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балаларға 86 814 теңге мөлшерінде. Аталған көмек 56 балаға көрсетілді;

Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне Жеңіс күніне төлемдер жүргізілді. Біржолғы көмекке 2 млн. теңгеден 43 соғыс ардагері, ардагерлерге теңестірілген 1 452 адам, басқа мемлекеттердің аумағында 2 944 жауынгерлік іс-қимыл ардагері және Ауғанстанда қаза тапқандардың отбасылары 100 мың теңгеден ие болды; еңбек майданының 6 729 қатысушысына және қайтыс болған соғыс ардагерлерінің 306 әйеліне 50 мың теңгеден.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54