AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындары үшін мәдени объектілердің қолжет...

Алматы тұрғындары үшін мәдени объектілердің қолжетімділігі туралы 

Әлеумет 02.09.2021, 13:01 1,274
Алматы тұрғындары үшін мәдени объектілердің қолжетімділігі туралы 
Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында мәдениеттің дамуына баса назар аударды.


Алматыда мәдени инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі міндеттер қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы мегаполистің мәдениет басқармасының бастығы Ғани Майлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикер Мемлекет басшысының сөзінде мәдениет саласының алдына ауқымды міндеттер қойылғанын, әсіресе оның талантты өкілдерін, елдің дамуындағы зиялы қауымның рөліне ерекше мән берілгенін айтты. 
 
Спикер Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тапсырмасымен «Алматы - 2050» Стратегиясы аясында мәдениет саласында тұрғындарды қаланың мәдени өміріне тарту, мәдени құндылықтарға қолжетімділікті арттыру міндеті белгіленгенін атап өтті. 



«Алға қойылған міндетті шешу үшін біз келесі бастамаларды жүзеге асырудамыз. Біріншіден – қаланың мәдени объектілерін барша тұрғындар мен халық үшін барынша қолжетімді ету. Екіншіден – дәстүрлі халық мәдениетін қолдау. Үшіншіден – мәдени өнімдерді әлемдік нарыққа шығару», - деп хабарлады Ғ. Майлыбаев.



Қ.-Ж. Тоқаев өзінің Жолдауында келер жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін, сондай-ақ білім мен денсаулық сақтау саласында қолданыста болған әлеуметтік жеңілдіктер берілетінін айтты. 
 
Алматы қаласы ЮНЕСКО-ның креативті қалалар желісіне мүше болуының арқасында «Музыка» шығармашылық бағыты бойынша бүкіл әлемге танымал. Жыл сайын қалада «ореn-air» форматында 100-ге жуық ірі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Тіпті пандемиялық режимде бұл сала дамуын жалғастыруда. 
 
Алматының мәдени инфрақұрылымында 160 мәдени объектілер мен ұйымдар ойдағыдай жұмыс жасауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрғын #үшін #объект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);