AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ТЖД азаматтарға тыныштық сақтауға және жер...

Алматы ТЖД азаматтарға тыныштық сақтауға және жер сілкінісі кезінде дүрбелеңге түспеуге кеңес береді

Әлеумет 12.02.2024, 12:27 1,163
Алматы ТЖД азаматтарға тыныштық сақтауға және жер сілкінісі кезінде дүрбелеңге түспеуге кеңес береді
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.


ӨКҚ брифингінде құтқару қызметтері төтенше жағдай кезінде және одан кейін әр азаматтың әркете етуі мен жеке дайындығы маңызды екенін еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Алматылықтар үшін жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс қимыл жоспарын жасау маңызды: 
- жер асты дүмпулер кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар, ішкі қабырғаларды бағандарының жанындағы орындар және жақтау арқалықтарының астында; 
- ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орын табыңыз;
- сондай-ақ, болған жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз.


Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қабылдануы қажет шаралар туралы айта отырып, биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынды:
 
1. дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
8. ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.


Эвакуациядан кейін зардап шеккен халықты ауқымды төтенше жағдай кезінде орналастырылатын ең жақын қабылдау пунктіне орналастыру қажет. 


Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 қабылдау пункті жұмыс істейді.


Халықты және төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді жинау пункттері мектеп, балабақша, колледж, жоғары оқу орындары сынды білім беру ұйымдарында орналасқан.


«Баршаның назарына!» сигналын естігеннен соң, қолжетімді хабарландыру құралдарын, мысалы, «дабыл чемоданындағы» қабылдағышты қосып, алынған нұсқаулар бойынша әрекет ету керек», - деп толықтырды спикер.


Қорытындылай келе, ол жер сілкінісінің қайталама факторларынан қауіпсіздік шарасы ретінде үй-жайлардың (бөлмелердің) қабырғаларына ауқымды жиһазды бекіту жұмыстарын жүргізу арқылы, құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ТЖД #Кеңестер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика