Финалда отандасымыз иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.
Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.
Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.