AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Наурызбай ауданындағы үш жер учаскесін мәжбүрлеп и...

Наурызбай ауданындағы үш жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Алматы Бүгін 20:54 64
Наурызбай ауданындағы үш жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды
Pixabay.com

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 2/195-446 қаулысының күші жойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 4/636-1751 қаулысы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №56.3-56.03/1837-И хаты негізінде Алматы қаласының   әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес автобус паркі құрылысы үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағын ауданы, Жандосов көшесінің солтүстігі, Егінсу көшесінің шығысы мекенжайы бойынша орналасқан 3 (үш) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.

2. Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 2/195-446 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.

3. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) хабардар етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 4/636-1751 қаулысына қосымша

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с№

Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

«Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-017-2129

«Ақжар» шағын ауданы, Егінсу көшесі, 35/19

0,1554

2.

«Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-017-2130

«Ақжар» шағын ауданы,  Егінсу көшесі, 35/20

0,0686

3.

«Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-017-2131

«Ақжар» шағынауданы,  Егінсу көшесі, 35/17

1,4741

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды

Бүгін 21:57

Алматыда Үкімет, Құрылтай және Халық кеңесінен құралған жұмыс топтары халықпен кездесті

Бүгін 21:42

«Агрегат НС» ЖШС-нің жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Бүгін 21:07

Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін 20:42

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін 20:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);