Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 4/636-1752 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 56.3-56.03/1837-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жандосов және Егінсу көшелерінің қиылысында көлік трансплантациялау торабының құрылысы үшін «Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағын ауданы, Егінсу көшесі, 35/18 мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-322-017-1226, ауданы 1,8639 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 1/1-258 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.
3. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесін (жер пайдаланушыны) хабардар етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды