Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаро...

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Қоғамдық кеңес отырысында сөз сөйледі

Әлеумет 13.09.2021, 11:45 1,281
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық  Қоғамдық кеңес отырысында сөз сөйледі
Сурет: Esquire.kz

 Ержан Бабақұмаров Алматыдағы әлеуметтік саланың дамуы жайында әңгімеледі


Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһарда денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет жүйелерін дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


 Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау жүйесі – басты әрі негізгі басымдық. Жалпы, коронавирустық инфекцияға қарсы тұру моделі құрылып, оның тәжірибесі бүкіл ел бойынша ескерілді. Модель "жедел жәрдемнің" рөлін өзгертуге, жұқпалы ауруханалардың жұмысын жұқтырғандардың жағдайы мен қаладағы індеттің қарқынына байланысты төсек-орындарын басқару үшін үш эшелонға жіктеуге қатысты. БМЖК жұмысы қайта құрылып, онда 364 мобильді бригада топтастырылды, учаскелік дәрігерлердің әлеуеті күшейтілді. Өткен жылы құрылған Телемедицина орталығы арқылы пациенттерді үйде емдеуге бақылау жасалды. Өліммен күресу үшін бірыңғай реанимациялық топ жұмыс істейді. Пациенттерді уақтылы диагностикалауды қамтамасыз ететін 28 КТ–орталығынан тұратын жалпықалалық желі құрылды.


 Қабылданған шаралар нәтижесі инфекцияның төрт толқынын жеңуге мүмкіндік берді. Төртінші толқын кезеңінде 10 мыңға жуық инфекциялық төсек дайындалып, олардың 9 мыңға жуығы іске қосылды. Дельта толқынының шыңында олардың жүктемесі 70%-дан аспады. Әкімдік өз резервінде 1000 төсек-орын ұстады. Дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдары қоры жеткілікті, қамтамасыз етуде іркілістер болған жоқ.


 Денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет сапасын, жұмыс стандарттарын арттыру және қала тұрғындарының денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да мәселелердің шешімі бойынша жұмыстарды жалғастыруда.


 Білім беру саласындағы негізгі міндет – балабақшалар мен мектептердегі кезектілікті төмендету. Бұл бағытта 640 орынды 4 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 12600 орынды 8 мектеп салынуда: 5100 орынды 3 мектеп биылғы жылдың желтоқсан айында, қалған 5 мектеп 2022 жылдың 2 тоқсанында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, мектептерге 8263 орынға арналған 17 қосымша корпус салынуда, оның 9-ында құрылыс жұмыстары аяқталды, ал қалған 8-і 2021 жылдың қазан айының соңына дейін қолданысқа беріледі. Жалпы, жыл соңына дейін жалпы саны 16 мыңға жуық оқушы орны бар 31 білім беру нысаны пайдалануға беріледі.


 Одан бөлек, балаларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейту үшін Инновациялық шығармашылықтың екі орталығы салынады, 10 мың балаға арналған Оқушылар сарайы жаңғыртылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 73 футбол, 63 волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ воркаут аймақтары мен жүгіру жолдары бар 61 мектеп жанындағы спорт нысандарын жаңғырту аяқталады. Сол арқылы Алматы қаласы мектептерінің спорт залдарымен және спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ды құрамақ. Бұл еліміз бойынша ең  үздік көрсеткіш болары хақ.


 Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл жабық спорт нысандарының құрылысы еселеп ұлғайтылды. 7 спорт нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олардың 6-уы – дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 1-уі –  теннис орталығы. Ағымдағы жылы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін  орналастыру үшін 14 қосымша учаске бөлінді.


 Кәсіби спорт клубтарын ұстауға, оларды бұқаралық спортты дамытуға қайта бөлу арқылы қаржылық шығындар қысқарғанын атап өту маңызды. Басты міндет – жыл соңына дейін халықтың кемінде 35%-ын спортпен қамту. Жан басына қаржыландыру тетігі арқылы жыл соңына дейін спортпен жалпы қамту  мөлшері 40 мыңға жуық баланы құрайтын болады. Қаланың барлық аудандарында 8000-нан астам адамды қамтитын тегін  спорт секциялары мен үйірмелері бар 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. 2023 жылға қарай орталықтарды 200-ге дейін ұлғайту жоспарланған.


 Мәдениет саласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасы енгізілді, оның аясында  4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар шығармашылық үйірмелерге қатысатын болады. Жыл соңына дейін балалар мен жасөспірімдерге қатысты  мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру 10 000-нан астам адамды құрайды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық кеңес #әлеуметтік сала #пандемиямен күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика