AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE: Болашақ мамандардың ор...

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE: Болашақ мамандардың ордасы

Әлеумет 06.02.2025, 10:56 1,305 «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE» КМҚК директоры Омарбеков Медет Әсетұлы
ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE: Болашақ мамандардың ордасы
ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл маңызды шешім білікті жұмысшы кадрлардың ел экономикасы үшін маңыздылығын айқындайды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

1940 жылы негізі қаланған ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE ондаған жылдар бойы IT саласына жоғары білікті мамандар даярлауда еліміздің жетекші білім беру мекемелерінің біріне айналды. Колледжде «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім беріледі.

2017 жылдан бастап колледж жұмысшы мамандықтар даярлауды қолға алып, 2019 жылдан дуалды оқыту жүйесін енгізді. Бұл жүйе теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашады. Бүгінде колледжде 1600-ден астам студент білім алса, оның 246-сы жұмысшы мамандықтары бойынша, ал 220-сы дуалды жүйе негізінде оқиды.

Колледждің басты артықшылықтарының бірі — кәсіпорындармен тығыз әріптестік байланыстары. Дуалды оқыту аясында студенттер өндірістік тәжірибеден өту үшін 98 компаниямен 467 үшжақты келісімшарт жасалған. Студенттер жыл сайын кәсіби тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін нақты өндірісте қолдануға мүмкіндік алады.

Мысалы, колледж студенттері қазіргі уақытта АО «Қазақтелеком» компаниясының «SAPA+» жобасы бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Жоба аясында интернет сапасын арттыру мақсатында заманауи күшейткіштер орнатылып, 5G желісіне қосылу мүмкіндіктері жасалуда. Студенттер бұл жобада нақты тәжірибе жинап қана қоймай, еңбекақы да алып жүр. Сонымен қатар, «RUBA» ЖШС, «RK SERVICE» ЖШС, «DRONE.KZ» ЖШС, «ALFA SISTEM» ЖШС сияқты ұйымдарда тәжірибеден өтуде, бұл олардың кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосады.

Кәсіпорындардың сұранысын ескере отырып, колледж мақсатты дайындық бағдарламалары аясында 65 студентті оқытуда. Бұл бастамаға «Conti-new corporation», «Byte Machine» ЖШС, «Leda service» ЖШС, «FD-Service» ЖШС, «Appleprintgroup» ЖШС, «IT Supply» ЖШС сияқты ірі компаниялар қолдау көрсетуде.

Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру — оқу орнының басты басымдықтарының бірі. Бұл бағытта колледж жоғары оқу орындарымен және жұмыс беруші кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан. Студенттерге арналған жұмыс жәрмеңкелері мен кәсіби кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылып отырады. Соның нәтижесінде түлектердің 90%-дан астамы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады.

Сонымен қатар, колледжде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» құзыреттілік орталығы мен IT-хаб Arena жұмыс істейді. Бұл орталықтар студенттерді ұлттық және халықаралық деңгейдегі WorldSkills чемпионаттарына дайындап, олардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. IT-хаб Arena — жаңа идеяларды дамытуға, шығармашылық шешімдерді табуға және оларды нақты өмірде жүзеге асыруға арналған бірегей платформа.

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE — бұл тек білім алатын орын ғана емес, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін мекеме. Біздің басты мақсатымыз — ел экономикасының дамуына үлес қосатын жаңа буын білікті мамандарын даярлау.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дуалды оқыту #жұмысшы мамандық #кәсіби кадрлар #IT-сала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Бүгін 14:47

Құрылтай сайлауына қанша шығын кетеді?

Бүгін 14:31

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 14:10

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);