AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полициясы ірі көлемдегі есірткіні тәркілед...

Алматы полициясы ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі

Оқиға 01.09.2023, 05:42 1,141
Алматы полициясы  ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

40 жастағы Ж. есімді азамат аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні заңсыз сатумен және сақтаумен айналысқан.


Алматы полициясы “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қаласы Түрксіб ауданының 40 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткіні дайындау және тарату бойынша қылмыстық әрекетпен айналысқан. Ол Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен “Қарасора – 2023” іс-шарасы аясында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ұсталды.


Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот санкциясымен күдіктінің үйін тінту кезінде ұнтақ түріндегі сұр түсті зат және ерекше иісі бар түйіршіктер салынған 2 полиэтилен байламы, сондай-ақ электронды таразылар, орауыш байламдар, сұйықтығы бар құты табылып, тәркіленді.



«Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 5 келіден асатын Альфа-pvp есірткі заты табылды. Айта кету керек, бұл синтетикалық препарат мефедроннан бірнеше есе зиянды. Есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалаға өндіріске қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін арна анықталуда», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Синтетика #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 12:30

Алматының Алатау ауданында өндіріс көлемі 743,8 млрд теңгеге жетті

Бүгін 12:29

Астанада AI Month шарасына Дженсен Хуанг қатысады

Бүгін 12:15

Алматыда 2030 жылға дейін миллион түп ағаш егіледі

Бүгін 12:05

Жалған ақпарат жарға жығады

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);