Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы полицейлері «Жасөспірім» жедел алдын алу іс...

Алматы полицейлері «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын бастады

Әлеумет 13.09.2021, 08:20 667
Алматы полицейлері «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын бастады
Сурет: Polisia.kz

Мамандар панасыз балаларды іздей бастады. 


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала полицейлері арнайы іс-шараны бастады. Аталмыш шара қыркүйектің 13-19 аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akhsamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.



«Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарының қатысушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық полициясының бастығы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азайғаны туралы хабарлаған болатын. Қанат Таймерденовтың айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 22,4% төмендеуі байқалады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 5,6%-ға төмендеді.



«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ерекше бақылауда. Ағымдағы жылдың басынан бері 417 жасөспірім мен 375 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды. 12 қиын жасөспірім девиантты іс-әрекетті балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберілді. Сонымен қатар 407 кәмелетке толмағандар Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамның қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 14 жалпықалалық жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді», – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика