AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы полицейлері бетперде режимін бақылауды күше...

Алматы полицейлері бетперде режимін бақылауды күшейтуге шақырды

Әлеумет 24.07.2021, 11:33 1,522
Алматы полицейлері бетперде режимін бақылауды күшейтуге шақырды
Сурет: Almaty-akshamy

Бетперде режимін бұзған азаматтар 87,510 теңге көлемінде айыппұл төлейді.


2021 жылы 24 шілдеде Алматы қалалық әкімдігі, полиция департаменті және қалалық автопарк өкілдерінің қоғамдық көліктердегі карантиндік шаралардың сақталуы туралы бірлескен жиналысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметі бойынша, қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтау бойынша мониторингтік топтар жүргізген тексерулердің нәтижелері жарияланып, талқыланды. 


Жиналыс қорытындысы бойынша автобус парктерінің басшыларына жолаушыларды тасымалдау кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.



Бүгінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың негізгі орындары базарлар, қоғамдық көліктер, мейрамханалар, кафелер, саябақтар, сауда орталықтары және азаматтардың көп жиналатын орындары болып табылады.Қазіргі уақытта қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жолаушылардың шектеу шараларын сақтауын бақылау жеткіліксіз. 


Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын, тұрғындар арасында аурушаңдықтың, оның ішінде мектеп жасындағы балалар аурушаңдығын ескере отырып, қатаң шараларды енгізу қажет:


 – қоғамдық көліктерде және метрополитенде автобус жүргізушілері түсіру және отырғызу кезінде жолаушыларға шектеу шараларын сақтау туралы ескерту, әлеуметтік арақашықтық пен бетперде режимінің сақталуын бақылауды күшейту;


– автопарк басшылары автобустар мен троллейбустардың күнделікті санитарлық тазалығын бақылауы қажет;


– инфекция қаупін барынша азайту үшін персоналдың да, жолаушылардың да бетперде режимін сақтауына бақылаушылар енгізу туралы мәселені қарастыру керек;


 – карантиндік шараларды бұзушылар анықталған жағдайда, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 102 нөміріне қоңырау шалу керек.


Бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша 30 АЕК (87,510 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын ескеру қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #кви #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);