AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысының тұрғындары үшін «Наурыз-2022» мер...

Алматы облысының тұрғындары үшін «Наурыз-2022» мерекесі несімен есте қалды?

Әлеумет 21.03.2022, 14:00 1,708 Almaty-akshamy
Алматы облысының тұрғындары үшін «Наурыз-2022» мерекесі несімен есте қалды?
Cурет: Liter.kz

Әппақ қардай киіз үйлер, халық билері, ән шашу,дәмді тағамдар: ыстық бауырсақ пен наурыз көже. Алматы облысының тұрғындары пандемиядан кейін, араға екі жыл салып, әз-Наурызды  дәл осылай атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл күні облыс  әкімі Қанат Бозымбаев көптің қуанышын бөлісті.


Қалыптасқан дәстүр бойынша барлық негізгі мерекелік іс-шаралар «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өтті. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік туының жанындағы алаңда қазақ халқының  салт-дәстүрлерімен танысуға болатын ақшаңқан үйлер тігілді. Сондай-ақ, жастар би, вокалдық композицияларды орындауда өз таланттарын көрсетті,  арнайы тақырыпқа суретте салды. 
Спорттық сайыстарда өткізіліп мерекенің шырайын аша түсті. Әсіресе, түйе көтеру сайысы келген көпті таң қалдырды. Ердің білектісі сынға түскен жарыста Ибрагим Берсанов нар көтеруде жеңіске жетті, бұл оқиға көрермендердің таңданысын тудырды. 


Ал, «Жастар» саябағының орталық алаңында мерекеге әзірлеген мәдени бағдарлама шарықтау шегіне жетті.


Айта кетейік, бұл күні облыс орталығында 2000 литр наурыз көже таратылды. Бұдан басқа, түрлі қайырымдылық акциялары өткізілді. 


Мереке күні этно -ауыл салтанат құрды. 
Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келген халықтың қарасы қалың болды. Араға екі жыл салып, өткізілген алғашқы думан-тойды тамашалауға келушілердің қуанышында шек жоқ. Солардың бірі-Әлия Кәрімова.



- Біз бұл күнді ұзақ күттік, бүгін немерелеріммен бірге алаңға шығып, наурыз көже ішіп, қазақ дәстүрлерімен танысып, жарыстарға қатыстық, - деді Әлия Кәрімова.



Ел-жұрт асыға күткен әз-Наурыз мерекесі сән-салтанатымен Алматы облысында аталып өтті. Осылайша, ұлыс оң, ақ мол болсын деген ниетпен келген көп тарқасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Алматы облысы #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика