AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жас таланттарға жол ашты

Жас таланттарға жол ашты

Алматы Бүгін 15:10 72
Жас таланттарға жол ашты

Алматыда Air Astana компаниясы «Жас Қыран» жол гранттары бағдарламасының үш жылдығын атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әуе компаниясы талантты жастарға арналған «Жас Қыран» бағдарламасының үш жылдық қорытындысын шығарды. 2023 жылдан бастап 364 өтінім түсіп, жол гранттарын 124 қазақстандық пайдаланған. Бағдарлама 7–18 жас аралығындағы жастарға халықаралық конкурстарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу үшін авиабилеттер ұсынады. Келесі жылдан бастап бұл бастамаға FlyArystan қосылғалы тұр.

– Елдің табысты болуы үшін Қазақстанды жаһандық деңгейде жоғары сатыға көтеруге ұмтылатын жас, дарынды, еңбекқор азаматтардың болуы өте маңызды. «Жас Қыран» бағдарламасы 2023 жылы басталған болатын. Осы уақыт ішінде оған қызығушылық арта түсті. Елдің жас дарындарына кішігірім болса да қолдау көрсетіп, Қазақстан ішінде және одан тыс жерлерде өткен жарыстар мен іс-шараларға сапарларыңызды ұйымдастыруға көмектесе алғанымызға өте қуаныштымыз. FlyArystan тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен бірге халықаралық жаңа бағыттарды да ашып, өте жылдам дамып келеді. Осы мүмкіндікті жас дарындарды қолдауға бағыттай отырып, біз «Жас Қыран» бағдарламасына одан да зор серпін береміз, – деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Айта кеткен жөн, «Жас Қыран» ережесі бойынша бағдарлама жеңімпазының өзі ғана емес, оны алып жүретін ересек адамға да екі бағытта тегін билет беріледі. Өтінімдерді іріктеу берілген құжаттар негізінде жүргізіледі, бірақ қазылар алқасы үшін шешім қабылдауда ең маңыздысы – үміткердің «Неліктен мен грант ала аламын» тақырыбына түсірілген бейнеролигі. Құрамында белгілі педагогтер, журналистер, қайырымдылық қорларының өкілдері бар тәуелсіз қазылар алқасы өтінімдерді қарайды.

Досбол АТАЖАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Air Astana
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студенттерге арналған жатақханаларда 830 бос орын бар

Бүгін 15:33

Абай университетінде көшпенділер өркениетін зерттеу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:26

Қазақстанның бірқатар қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Бүгін 15:17

Алматыда пробациялық бақылауда тұрған адамдармен жұмыс күшейтілген

Бүгін 15:10

Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);