Алматы ипподромында 10 қазанда бәйгенің бірнеше түрінен 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.
Чемпионаттың іріктеу кезеңдері Қазақстанның жеті өңірінде – Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылды.
Маусым бойы қатысушылар түрлі қашықтықта бақ сынап, Алматыда өтетін шешуші жарысқа жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады.
Чемпионат бағдарламасына құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, сондай-ақ Қазақстанда туған жылқыларға арналған арнайы жарыстар енгізілген.
Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 94 млн 400 мың теңге.
Күні: 10 қазан 2026 жыл
Басталуы: сағат 09:00
Өтетін орны: Алматы ипподромы, Омаров көшесі, 10А.