AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда пробациялық бақылауда тұрған адамдармен ж...

Алматыда пробациялық бақылауда тұрған адамдармен жұмыс күшейтілген

Заң мен тəртіп Бүгін 15:10 63
Алматыда пробациялық бақылауда тұрған адамдармен жұмыс күшейтілген

Алматы қаласы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың 9 айының қорытындысына арналған жиын өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Департамент бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов өткен тоғыз айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытқа арналған міндеттерге тоқталды.

ҚАЖ департаменті бастығының төрағалығымен өткен кеңесте жеке құрамға Ішкі істер министрлігінің алқа жиынында белгіленген негізгі міндеттер жеткізілді.

«Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері өздеріне жүктелген жауапкершілікті терең сезініп жұмыс жасаулары керек. Бұл бүгінгі күннің басты талабы. Біздің басты міндетіміз – заң мен тәртіп қағидаты аясында жауапкершілікпен қызмет атқару», – деді департамент басшысы.

Жиын барысында Алматы қаласындағы пробациялық бақылауда тұрған сотталғандармен жұмысқа баса көңіл бөлу керек екені атап өтілді. Жыл басынан бері сотталған 5300-ден аса адам пробациялық есептен өтсе, бүгінгі күні 2700 сотталған есепте тұр. Олардың арасында қайталап қылмыс жасағандар да бар. Осы кемшіліктерді жою үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңызы зор.

Сонымен қатар республикадағы ең ірі тергеу изоляторы болып саналатын №72 мекемедегі тәртіпті қатаң қадағалау тапсырылды. Аталған мекемеде жыл басынан бері жалпы есебі 4500-ден астам күдікті ұсталған. Олардың арасындағы тәртіпті күшейту қажет екеніне баса назар аударылды.

Республикадағы жалғыз балалар колониясы да Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарайды. Мұнда балалар жалпы білім беретін орта мектепте, колледжде білім алады.

Аталған жиында кадр саясаты туралы да мәселелер көтеріліп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды.

Жиын барысында мекеме басшыларының есептері тыңдалып, жұмыс барысындағы кемшіліктер талқыланды. Сонымен қатар жиында заңдылық, тәртіп пен кадр саясатына және профилактикалық жұмыстарды күшейтуге баса назар аудару талап етілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЖ департаменті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студенттерге арналған жатақханаларда 830 бос орын бар

Бүгін 15:33

Абай университетінде көшпенділер өркениетін зерттеу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:26

Қазақстанның бірқатар қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Бүгін 15:17

Жас таланттарға жол ашты

Бүгін 15:10

Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);