Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханас...

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды

Оқиға 27.12.2022, 11:32 1,070
Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды
Сурет: Polisia.kz

Тінту кезінде шамамен 30 келідей есірткі тәркіленді.


Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


22 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қарашығыл аңшылық шаруашылығының қорықшыларынан Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылының шетінен күдік тудырған екі Украина Республикасының азаматы тексерілгені туралы хабарлама келіп түсті.



Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 43 және 28 жастағы шетелдіктердің автокөліктерін тексеру орнынан алыс емес жерде тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қара түсті пакетті тапты. Ал пакет ішінен ақ түсті ұнтақ түріндегі заттары бар мөлдір полиэтилен пакеттер тәркіленді. Бұдан әрі Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел іс-шара барысында ықтимал есірткі зертханаларының екі мекенжайын анықтады. Санкцияланған тінту жүргізу кезінде аталған орыннан Украина Республикасының тағы алты азаматы ұсталды.



Сонымен қатар зертханалық жабдықтар, шыны ыдыстар мен кристалды заттары бар металл табақтар, химиялық заттар тәркіленді. Тінту кезінде шамамен 30 келі «жылдамдық» есірткі заты тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы жүргізетін болады.


Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабының, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Күдіктілер қамауға алынды. Айта кету керек, жауап алу кезінде ұсталғандар осындай тыйым салынған заттарды өндіру бойынша үшінші зертхананың ашылуына дайындалғандарын жеткізген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #полиция #зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика