AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы ескі өткел жөнделді

Алматы облысындағы ескі өткел жөнделді

Әлеумет 20.12.2022, 03:00 1,032 Almaty-akshamy
Алматы облысындағы ескі өткел жөнделді
Сурет: Almaty.tv

Құрылысы екі айда аяқталғанын айтқан жергілікті билік көпір маңындағы жолды да жөндепті.


«Қылкөпірден құтылдық». Осылай деген Алматы облысы Көктал ауылының тұрғындары екі ауылды жалғайтын ескі өткелдің жаңарғанын айтып қуанып отыр. Елді мекен халқы осыдан үш ай бұрын тозығы жеткен көпірден әзер өтеміз деп арнамызға сұхбат берген еді. Ауыл адамдарының сөзінше, көпір құрылысының жұмысы сол көпшіліктің арызынан кейін басталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 


Ауыл арасын жалғайтын жалғыз жолдың тозығы жеткенін жұрт жиі айтып келіпті. Екі мыңға жуық халқы бар ауылдың мектеп баласы да дәл осы көпірден өтетін.



«Ескі көпірде жүру өте қиын еді. Өзіміз де талай өттік, осы мәселені көтеріп едік. Жаңа көпір пайда болды, жолымыз жақсы», – деді Көктал ауылының тұрғыны Аңдас Құрманбеков.



Арызын айтқан ауыл адамдары қалаға қатынайтын жалғыз жолдан өту үшін көлікті де қалдырып кететінін айтқан болатын.



«Алматы» телеарнасына рахмет!  Жағдайымызды көріп, әкімшіліктің адамын шақырып, жасатып беріп жатырсыздар. Көңіліміз көтеріліп қалды», – деді Көктал ауылының тұрғыны Бинұр Қалмұрзаева.



Құрылысы екі айда аяқталғанын айтқан жергілікті билік көпір маңындағы жолды да жөндепті. Алайда әлі де кем тұстары барын жасырмады. Ол олқылықтар алдағы жылы толық аяқталады екен.



«Алматы» теларнасы келіп түсірді. Оған дейін тендер жарияланған. Жол бөлімінің бастығы да келген. Жолдың стандарты бойынша 6 метр и 1,30 метр жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жүргізілді», – деді Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Ескенбаев.



Көпір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оған қоршау орнату да қарастырылыпты. Ал бетоннан құйылған көпір Қайнар ауылдық округіндегі Көктал ауылын басқалармен жалғайтын жалғыз жол болып есептеледі.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көпір #әкімдік #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Əділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін 09:35

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Кеше 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Кеше 16:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);