Алматы облысы Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдылданов уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оқиға 16 мамырда Балқаш ауданы Бақбақты ауылы маңындағы тасжолда болған. Ерлі-зайыпты сөзге келіп, ер адам әйелін түсіріп кеткен. Содан соң артынан қайтадан барып, қағып кеткен көрінеді. Көлік қаққан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.