Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында ауыл тұрғындары тері зауытын жабу...

Алматы облысында ауыл тұрғындары тері зауытын жабуды талап етті

Әлеумет 04.05.2023, 15:26 1,203
Алматы облысында ауыл тұрғындары тері зауытын жабуды талап етті
Сурет: Ашық дереккөз

Жағдайды зауыттың басшысы да түсіндіріп бере алмады


«Тері зауыты тұрмысымызға кедергі келтірді». Осылай деген Алматы облысы Еңбекші ауылының тұрғындары ауыл ішіндегі «тері зауытынан шыққан иіс қолқаны қабады» дейді. Тіпті, елдімекенді түгел жайлап кеткен. Ауласында аппақ құрт өріп жүрген өндіріс орталығына бүгін тұтас ауыл келіп, зауыттың жабылуын талап етті. Жағымсыз иіс шыққан нысанға тұрғындар бұған дейін де шағым айтып келген. Алайда ауасы бұзылып алқымнан алғанда амалсыз бас көтеруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.



 «Біз балаларымыздың денсаулығын ойлауымыз керек қой, айналайын. Сендерде де отбасы, бала бар шығар», – деді Еңбекші ауылының тұрғыны Алма Қожақұлиева.



Бұқара базынасын айтқан жердің аумағын бір күнде аралап бітіру мүмкін емес. Зауытқа жолай кетсең шіркей шағып, шіріген иіс қолқаны қабады. Ал зауыттың түпкі мақсаты – теріні илеп, малға жем жасау. Жалданып жұмыс істейтін 9 жұмысшы қазір ауланы жинап әлек.


Бұл әр жерде үйіліп жатқан шөмеле емес, қолаңса иісі қолқаны алған қырық мың терінің бір бөлігі ғана. Мұндағы жұмысшылардың айтуынша, теріні қоқыстан, қалаберді қорадан жинап әкелген. Ал жағымсыз иістің жайлап кетуін зауыттың басшысы да түсіндіріп бере алмады.



«Бәрін біз қыс бойы жинадық. Жаңбыр жауғанда, күн жылығанда иіс шығады. Бірақ ветеринар инспекциясы бар, олар дезинфекция жасайды. Бүкіл тері тек қойманың ішінде сақталады. Бәрін түсінемін, бізде қателік көп», – деді тері зауытының басшысы Ерзат Рақымжанов.



Тұрғындар «жауаптылар мүлде тексеріс жүргізбейді, тіпті негізгі жер телімін берген мекемені де жауапқа тарту керек» деп отыр. Өйткені ауыл ішінен жұмыс бастау үшін жергілікті халықпен ешкім кеңеспепті.



«Нархоз дейміз ғой, Алматы қаласындағы университеттің жері екен. Халыққа қиянат істеп жатыр», – деді Еңбекші ауылының тұрғыны Ренат Құрсабаев.



Ал ауыл билігі мәселеден хабардар. Бірақ нақты зауыттың жұмысына тосқауыл қоя алмайтын олар тиісті тараптарға арыз жазғанын жеткізді.



«Жұмысы талапқа сай емес. Сол себепті дезинфекция жасау керегін айтып, «Бату-Агро» ЖШС-ға ескерту берілді. Бұл жер Нархоздың филиалына тиесілі, олар келісімшартқа отырған», – деді Әйтей ауылдық округі әкімінің орынбасары Әкімжан Жүнісов.



Ал көпшілік жердің иесі деген Рысқұлов атындағы оқу орнының мамандары мардымды жауап берген жоқ. Ресми хатқа ғана жауап беретінін айтты. Ал ауыл арызын айтқан өндіріс орталығына енді санитарлық бақылау мекемесі тексеріс жүргізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тері зауыты #иіс #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Үлкен Алматы каналын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

Бүгін 08:57

Елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:41

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азаматқа айыппұл салынды

Кеше 17:13

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика