AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды бірікт...

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Білім және ғылым Бүгін 19:01 55
Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Қатысушылар өзара білім мен шешендікті, тапқырлық пен логикалық ойлауды сынға салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасының «Кітап оқитын колледж» бағыты аясында бірқатар жас ақыл-ой сайысында бас қосты. «DEBATE CUP – 2026» дебаты кітап оқуға және білімге құмар жастарды бір ортаға тоғыстырды.

Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасын ұйытқы болған зияткерлік додаға колледж студенттері қатысып, өзара білім мен шешендікті, тапқырлық пен логикалық ойлауды сынға салды. Жеребе нәтижесінде бөлінген командалар пікірталастың әр кезеңінде өз ұстанымдарын қорғап, қарсы тараптың уәждеріне жауап берді.

Дебат – дауласу емес, ой жарыстыру. Мұнда сауатты бір ғана сұрақ жаңа ойдың есігін ашуы ықтимал. Сондықтан пікірсайыс барысында жастардың тек шешендік қабілеті емес, мәселені жан-жақты зерделеуі мен ойын жүйелі жеткізе білуі де сыналды.

Турнирге қатысушыларды Абай университеті филология факультеті деканының орынбасары Аяжан Кеңесхан, айтыскер ақын Сырым Әуезхан, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Дана Садырхан және Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Динара Мәлік сияқты әр сала өкілдері әділқазы ретінде бағалады.

Пікірсайыс арасында Абай университетінің студенттері ұсынған музыкалық бағдарламалар зияткерлік кештің мазмұнын байыта түсті.

Ал «TezTap» интеллектуалды ойыны қатысушылардың білімін ғана емес, ой ұшқырлығы мен зеректігін де таразылады. Нәтижесінде Бас жүлде «Платонус» тобына бұйырса, I орынды «Ділмар», II орынды «Дәлел», III орынды «Жас Қыран» командалары иеленді.

Жастардың кітаптан алған білімін өмірлік ойға айналдырып, оны көпшілік алдында еркін жеткізе білуі ақыл-ой жарысының басты жетістігі ретінде есте қалды. «Кітап оқитын колледж» жобасы да дәл осы мақсаты осыны көздеген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);