AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатт...

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Әлеумет 18.02.2026, 15:13 256 Нұржамал Әліш
Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды
фото: автордан

21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күні. Осы айтулы күн қарсаңында Алматы қаласы Музейлер бірлестігі экскурсия жетекшілері арасында «Алматы – музейлер қаласы» кәсіби байқауын ұйымдастырған болатын, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін сайыстың жеңімпаздары анықталды. Байқау қатысушылары музейлік сторителлинг, квест-экскурсия, тақырыптық маршрут құрастыру, ораторлық шеберлік және кәсіби тестілеу номинациялары бойынша бақ сынады.

"Музей – халықтың тарихи жады мен рухани құндылығын сақтайтын қасиетті орын. Ал сол құндылықты көпшілікке жеткізетін біздегі негізгі тұлға – экскурсия жетекшісі. Ол жай ғана ақпарат беруші қызметкер емес, өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Демек, ол – ұлттық жадымыздың сақшысы. Оның еңбегі арқылы өткеніміз жаңғырып, мәдени мұрамыз ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Ал кәсіби байқаулар осы мамандықтың мәртебесін көтеріп, сапалы қызмет көрсетуге жол ашады", – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев әріптестерін марапаттау салтанатында.

Байқауға қатысқан 13 экскурсия жетекшісінің үшеуі үздік деп танылды. Олар келушілерге тарихи деректерді шебер жеткізу, көркем сөйлеу, сахналық мәдениеті жоғары маман ретінде бағаланды.

Иә, бірінші орын иеленген Ықылас атындағы халық аспаптар музейінің қызметкері Әдемі Мұратованың қуанышында шек жоқ. Екінші орын алған Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейінің өкілі Қарлығаш Нұрмұханбетованың да мерейі үстем болды. Байқаудың үшінші орны бұйырған Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығының экскурсия жетекшісі Аида Мамырбаеваның да бүгін жұлдызы жарқырады.

Сонымен қатар, Алматы музейлер бірлестігі халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі Алтынжан Қожамұратова ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының медалімен марапатталып, құшағы гүлге толды.

«Алматы – музейлер қаласы» байқауы – экскурсия жетекшілерінің кәсіби дамуына серпін беріп, музей кеңістігіндегі жаңа идеялар мен заманауи форматтарды қолдауға бағытталған маңызды бастама. Мұндай сайыстар экскурсия жетекшілерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық ізденісін арттырып, музей саласының беделін көтере түсері анық.

Жеңімпаздар үшін тағы бір қуанышты жаңалық – олар биылғы сәуірде кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында шетелге тағылымдамадан өтуге барады.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей #экскурсия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);