AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Almaty Marathon өткізілуіне байланысты Алматы қала...

Almaty Marathon өткізілуіне байланысты Алматы қаласында бірнеше көше жабылады

Әлеумет 29.09.2024, 05:01 1,084 Nursok82
Almaty Marathon өткізілуіне байланысты Алматы қаласында бірнеше көше жабылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Алматыда Almaty Marathon өтеді, сол себепті таңғы 06:00-ден 12:30-ға дейін қоғамдық көлік қозғалысының схемалары өзгереді. Осы уақытта 74 автобус бағыттарының қозғалысы өзгереді, ал троллейбус қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Толық ақпаратты және әр маршруттың уақытша қозғалыс схемасын @AlmatyJoly Telegram арнасынан көруге болады: сілтеме.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 06:20-дан 12:30-ға дейін марафон өту жолындағы кейбір көшелер ішінара жабылады. Спортшылар дистанцияны өткен сайын жолдар біртіндеп ашылады.

Марафонның басталуы мен аяқталуы Республика алаңында орналасқан. Осыған байланысты Сәтпаев көшесі Желтоксан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі екі жақты қозғалыс 28 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 29 қыркүйек күні сағат 22:00-ге дейін жабық болады.

Сонымен, қозғалыстың жабылу уақыты:

  • Назарбаев даңғылы Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 06:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Балама жол – Достық даңғылы.
  • Әл-Фараби даңғылы Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін 06:30-дан 09:45-ке дейін ішінара жабылады. Даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама бағыт – Төле би көшесі және Абай даңғылы.
  • Әл-Фараби даңғылы Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін 06:35-тен 10:15-ке дейін ішінара жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады. Балама жол – Абай даңғылы.
  • Саин көшесі Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта 07:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Балама жол – Бауыржан Момышұлы көшесі.
  • Абай даңғылы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін шығыс бағытта 07:10-нан 11:30-ға дейін жабылады. Солтүстік жағы ашық болады. Балама жолдар – Әл-Фараби даңғылы, Төле би, Құрманғазы, Қабанбай батыр көшелері.
  • Абай даңғылы Розыбакиев көшесінен Байтурсынов көшесіне дейін 07:20-дан 12:00-ге дейін толық жабылады. Балама жол – Әл-Фараби даңғылы.
  • Байтурсынов көшесі Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін 07:30-дан 12:15-ке дейін толық жабылады.
  • Сәтпаев көшесі Байтурсынов көшесінен Желтоксан көшесіне дейін шығыс бағытта 07:40-тан 12:30-ға дейін толық жабылады. Балама жолдар – Абай даңғылы мен Төле би көшесі.
  • Шашкин көшесі Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін 07:30-дан 08:05-ке дейін жабылады. Балама жол – Марков көшесі.
  • Тимирязев көшесі Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін 07:30-дан 08:15-ке дейін жабылады. Балама жолдар – Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылы.
  • Байзақов көшесі Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін 07:35-тен 08:50-ге дейін ішінара жабылады. Балама жолдар – Ауезов және Манас көшелері.
  • Құрманғазы көшесі Байзақов көшесінен Байсейітова көшесіне дейін 07:40-тан 08:10-ға дейін ішінара жабылады. Балама жол – Төле би көшесі.
  • Абылай хан даңғылы Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін 07:45-тен 09:15-ке дейін ішінара жабылады. Балама жолдар – Кунаев және Достық көшелері.
  • Желтоксан көшесі Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін 07:50-ден 09:20-ға дейін ішінара жабылады. Балама жол – Достық көшесі.

 

 

Барлық шектеулерді ескере отырып, жүру жолдарыңызды алдын ала жоспарлап алғандарыңыз жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty Marathon #Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);