AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде Конс...

Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде Конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

Әлеумет 14.02.2026, 12:23 400 yakiya
Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде Конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді
Алматы көлік және коммуникациялар колледжі

Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде педагогикалық ұжыммен Конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Іс-шараға оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. 

Кездесудің негізгі мақсаты – конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіру, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформаның мәні мен маңызы, оның қоғам мен мемлекет дамуына әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Реформалардың демократиялық қағидаттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді.

Талқылау барысында келесі мәселелер қарастырылды:

·        азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту;

·        билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік жүйесін жетілдіру;

·        адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту;

·        «Заң және Тәртіп» қағидатын орнықтыру.

Колледж директоры Магазов Ербол Джаруллаевич өз сөзінде конституциялық реформаның мемлекет дамуының стратегиялық бағыты екенін атап өтті. Ол педагогтердің құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы, білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырудағы рөлінің ерекше маңызға ие екенін айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы қол қойған жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда Конституциялық реформаларды қабылдау бойынша республикалық референдум өткiзіледі.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конституциялық реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);