«Алматы жастары»: жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қалай қатысып жатыр

«Алматы жастары»: жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қалай қатысып жатыр Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2025 жылы 14 наурыздан бастап «Алматы жастары 2025» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады, олар бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алу мүмкіндігіне ие.

Өтінішті бағдарламаның ресми сайтында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіп беру қажет. Несие мөлшері – 20 млн теңгеге дейін, жылдық мөлшерлеме – 5 %, бастапқы жарна – 10 %.

 

«Өз үйім – өлең төсегім»

 

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларының бірі Жайна Әбілғазова Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жұмыс істейді.

– Күйеуіміз екеуіміз жеке пәтеріміз болғанын көптен армандадық, бірақ мүмкіндігіміз болмады. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында арманымыз орындалды, сол үшін алғысым шексіз. Алғаш рет 2019 жылы «Алматы жастары» бағдарламасының алғашқы легіне қатысып, «Көкқайнар» шағын ауданынан жалдамалы пәтер алдық. Бес жыл бойы айына 4 380 теңге төлеп отырдық», – дейді ол

Пәтер небәрі 30 шаршы метр болатын. Бірақ соның өзі жеткілікті еді. Кейін егіз баласы дүниеге келгенде тұрғын үйді кеңейту туралы ойлай бастаған.


– Біз жалдамалы пәтерде тұрған кезде бастапқы жарнаға ақша жинап, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алдық. Ақыры, қарапайым әрлеудегі пәтерді 23 млн теңгеге сатып алдық, оның 18 миллионы – банк несиесі, – дейді Жайна Әбілғазова. – Негізі өз үйіміздің болғанын армандадық, сондықтан қандай да бір тұрғын үй бағдарламасына қатысатынымызды ойлап, жақсы несие тарихын сақтауға тырыстық. Былтыр жалақымыз да жеткілікті деңгейде болды, сондықтан төлем қабілетімізді оңай растап, баспана алдық.

Алматылық тұрғынның айтуынша, бастапқыда жұбайымен бірге «Наурыз» бағдарламасы бойынша құжат тапсырған. Алайда ол кезде жұмыс істейтін жастардың «Алматы жастары» арқылы баспана алу мүмкіндігі бар екенін білмеген.

– «Наурыз» бағдарламасы бойынша іріктеуден өткен кезде «Алматы жастары» бағдарламасында жұмыс істейтін жастар санаты қосылғанын білдік. Құжат тапсырдық, мүмкіндікті пайдаланып, қателеспедік. Мұнда пайыздық мөлшерлеме 4%-ға төмен болды, – дейді Жайна.

Жаңа 55 шаршы метрлік пәтердің иелері қазір жөндеу жұмыстарын аяқтап, көшуге дайындалып жатыр. Олар жаңа баспананы қалай жайлы етіп жасағанын, тіпті ұлдарына ойнайтын жер жасап бергенін айтып, қуанышын жасыра алмады.

– Үйіңнің өзіңдікі болғаны өте маңызды. Көпшілік біздің орнымызда болса, жалдамалы пәтерді жекешелендіруді дұрыс шешім дейтін еді. Бірақ пәтеріміз өте тар болатын. Балалар дүниеге келген соң ең алдымен, олардың жағдайын ойлайсың. Ең бастысы, енді ұлдарымыз бізбен бірге пәтерден пәтерге көшіп жүрмей, өзінің жеке бөлмесінде біліп алы, ойнай алады, – дейді Жайна Әбілғазова

 

Жаңа пәтер – жаңа өмір

 

Тағы бір алматылық бақытты пәтер иесі – қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арайлым Бердібек.

– Менің ешқашан өз үйім болған емес. Ұзақ уақыт туыстарыммен бірге тұрдым. Ал өз үйіңнің болғаны қандай жақсы. Бұрын мұндай нәрсені армандауға да қорқатынмын, бірақ өзімнің шаңырағым, отбасым, балаларым болғанын қатты қалайтынмын, – дейді ол.

Арайлым әрдайым тұрғын үй бағдарламаларына құжат жинауға әріптестеріне көмектесіп жүретін. Бір күні оның басшысы өзінің де өтініш беріп көруін айтқан. 

 

 

– Басында сенбедім, бірақ тәуекелге бел будым, бәрі ойдағыдай болды. Шынымды айтсам, үй алмақ түгілі, өтінішімді де қарастырады деп ойламадым, – деп қуанышын бөлісті Арайлым.

Қалай болғанда да ол қазір жаңа шаңырағын жайлы етіп жабдықтауға кірісіп кеткен, оған уақыт жеткілікті. Арайлым тұрмысқа шыққан, қазір декреттік демалыста.

– Әрине, пәтерім үлкен емес. Өйткені мен оны алған кезде әлі тұрмысқа шықпаған едім. Дегенмен интерьер кең әрі жайлы. Егер кіреберісті есепке алсақ, екі бөлмелі сияқты көрінеді, – дейді ол. Арайлымның айтуынша, «Алматы жастары» бағдарламасы арқасында қолайлы шартпен баспана сатып алдым. Бағдарлама ертеңгі күнге сенімділік беріп, жаңа белеске қадам басуда маңызды рөл атқарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:53

12:53

12:49

12:48

12:41

12:35

12:24

12:19

12:12

11:40

11:33

11:23

11:08

11:06

11:02

10:54

10:49

10:43

10:36

10:12

09:59

09:57

09:55

09:53

09:42