Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы іргесіндегі «Наурыз» саяжайы 20 жылдан бері...

Алматы іргесіндегі «Наурыз» саяжайы 20 жылдан бері ауыл мәртебесін ала алмай жүр

Әлеумет 10.03.2023, 09:30 1,100
Алматы іргесіндегі «Наурыз» саяжайы 20 жылдан бері ауыл мәртебесін ала алмай жүр
Сурет: Ашық дереккөз

Тұрғындар өз күшімен жылына бір рет жолды жамайды


Алматы облысының Қарғалы ауылына қарасты "Наурыз" саяжай қауымдастығының тұрғындары 20 жылдан бері ауыл мәртебесін ала алмай жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.


"Наурыз" саяжайлар қауымдастығында 4 мыңнан астам тұрғын бар.  Тұрғындар әкімдікке бұл жерді "саяжай" деу қисынға келмейтінін айтқанымен, ештеңе өнбеген. Тұрғындардың айтуынша, ауыл мәртебесін беру үшін әкімдік "500 мыңнан ақша жинаңдар" деген талап қойған.



"Жер кадастрында жерге баға беріп, жер қоғамдығына сараптама жасайды. Бәрін 530 мың теңге деген ақшаны құртып тұр. Қарап тұрсаңыз, бұл жерді біз жеке тұрғын үй құрылысы ретінде мемлекеттік акт сияқты сатып алғанбыз. Кезінде 5 мың халықтың ішінде әрқайсысы сатып алған ақшаға, қолында сатып алу шарты бар. 530 мың теңгені не себептен сұрап отыр?" - дейді саяжай тұрғыны Мадина Ысқақова.



Асфальт жоқ. Тұрғындар өз күшімен жылына бір рет жолды жамайды. Ауыл ретінде тіркелмегендіктен, мұнда әлі күнге мектеп жоқ. Баласын көрші ауылдарға оқытуға мәжбүр. 



"Балалар төрт ауысыммен оқиды. Ең соңғысы 21:00-де қайтады. Қазір түрлі жағдай болып жатыр, баламыз үшін қорқып, жолына шығып күтіп тұрамыз. Баратын жолда машина да жоқ, автобус та жоқ. Тасып әкелуге такси жалдаймыз", - деді саяжай тұрғыны Күнсұлу Отарбаева.



Ал әкімдік өкілі "500 мың теңгеден ақша жинау" туралы әңгімені теріске шығарды. Ал мектеп құрылысы биыл басталады дейді. Ал ауыл мәртебесін алу үшін әр тұрғын құжатын жер кадастрына өткізу керек екен.




"Бірінші жердің бағалау құны актісін жасау керек. Оны кадастрда жасайды. Оны жасағаннан кейін арыз беруші жердің иесі ЭСҚ кілтімен "Е лицензия" деген бағдарлама бар, портал бар, егов арқылы бересіздер. Шешім шығару 15 күнде қаралады ғой", - дейді Қарғалы ауыл округі әкімінің орынбасары Қуаныш Батырбаев.



Тұрғындардың көбі әкімдік айтқан құжаттарды осыған дейін де өткізгенін айтады. Алайда еш нәтиже шықпаған. "Наурыздың" өз алдына ауылға айналу мәселесін облыс деңгейінде қаралғанын қалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяжай #ауыл #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика