ffin.kz

Алматы елге келетін шетелдік туристер саны бойынша көш басында

Алматы елге келетін шетелдік туристер саны бойынша көш басында Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік саяхатшыны қызықтырады  


Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Алматы тартымды туристік орынға айналуда. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 9 айында туристердің жалпы саны 1,5 млн адамнан асты (өсім 17,5% - ға). Оның ішінде шетелдік туристер саны 51,5% - ға өсіп, 410 мыңға жуық адамды құрады. Осылайша, мегаполис шетелдік туристерді қабылдайтын Қазақстан қалалары арасында көшбасшы болды.



«Туристер ағынының артуы есебінен біз туризм саласындағы негізгі көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне қол жеткіздік. Мысалы, салық түсімдері 64% - ға ұлғайып, 50,2 млрд теңгені құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 11% - ға немесе 78 551 адамға артты, Инвестициялар 47,7% - ға немесе 106,4 млрд теңгеге өсті», - деді Ғалия Тоқсейітова.



Ол туристердің жалпы саны: ҚР – 6 245 719 адам; Алматыда – 1 514 039 адам екенін айтты. Үлесі – 24,2%.
Ішкі туристер: ҚР – 5 410 766 адам; Алматы – 1 104 645 адам. Үлесі – 20,4%.
Шетелдік туристер: ҚР-834 953 адам; Алматы – 409 394 адам. Үлесі – 49%.


Алматыға келген шетелдік туристер негізінен гидтер мен туроператорлардың қызметтерін пайдаланады. Мегаполисте олар Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе, Кафедралдық собор, Орталық мемлекеттік мұражай, Орталық мешіт, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, Көк базар, Арбат, Орталық демалыс және мәдениет саябағы, Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ, Баум тоғайы, Хайуанаттар бағы және т. б. сияқты жерлерді көргісі келеді.


Өткен жылы туристердің ең көп ағыны Ресей Федерациясынан келді – 34% (138 961 адам). Екінші орында ҚХР – 11,6% (47 619). Үндістаннан келген туристер саны – 7% (28 983), Түркиядан – 6,2% (25 486), АҚШ – тан-3,7% (15 084).


Алматының қонақ үйлеріндегі орындар қоры-11 454-ті құрайды. Өткен жылы жеке инвестициялар есебінен 161 орынға 4 нысан ашылды («Qazaq Auyl» мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй (16 үй), «Grand Mildom» қонақ үйі (112 бөлме), «Medeu camp» (13 маусымдық глэмпинг), «Dami hotel» (20 бөлме).


Қалада 208,4 млрд теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақ үй құрылысы жүргізілуде:



- 1297 нөмірге арналған (71,1 млрд теңге) 7 нысанның құрылысы жүргізілуде;
- 1990 нөмірге арналған 16 нысан (137,3 млрд теңге) жобалау жұмыстары сатысында тұр.



2024 жылы 7 қонақ үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда (45,1 млрд теңгеге 1067 нөмір), қалған жобалар 2027 жылға дейін аяқталады.



«Бұл қаланың қонақүйлердегі орындар қорын ұлғайтуға, сондай - ақ туристердің мегаполисте жүру жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Ғ. Тоқсейтова.




Шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі - қолданыстағы әуе қатынасының саны. Бүгінгі таңда мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Ағымдағы жылдың наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур (Малайзия) арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.


Алматы Орталық Азияның қаржылай, экономикалық, мәдени және жастар орталығына айналып отыр. 


Сыртқы туризмді дамытудың негізгі факторларының бірі осы жылдың маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқтау болмақ. Әуежайымыздың жылына 14 миллион жолаушыны  қабылдай алатын күн де алыс емес. Болжамға сәйкес, биыл шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді.


2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы әуежайы 9,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Биыл жолаушылар легі 10,5 млн адамнан асады деп күтілуде.


Шетелдік туристердің қаламызға келу жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мегаполис аумағында Visit Almaty 8 туристік ақпараттық нүктесі (Алматы халықаралық әуежайында, Панфилов, Абай-Достық, Медеу, Зенков көшелерінде, Президент саябағы, Атакент, Көк-Төбе) жұмыс істейді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша осы орталықтарда 21 мыңнан астам турист анықтамалық ақпарат алды.


Сонымен қатар, ақпарат беру орындарында 8 мыңға жуық полиграфиялық өнім (атластар, брошюралар, карталар және т.б.) таратылды. Барлық келушілерге Алматыда және оның айналасында бос уақытты тиімді өткізу туралы пайдалы ақпарат, баруға болатын орындар, мейрамханалар, көрікті жерлер, тарихи нысандар және мегаполис туралы басқа да мәліметтер ұсынылды.


2023 жылы Туризм басқармасы туристік инфрақұрылымды абаттандыру бойынша жұмыс жүргізді:



- «Ақбұлақ», «ҮАӨ» және «Мыңжылқыда» 3 кемпинг-аймағы орнатылды, онда шатырлы орындар, жайлы жаппалар (беседка), орындықтары бар үстелдер, әткеншектер (алтыбақан) қарастырылған;
- ұзындығы 150 км болатын 12 тау бағыты абаттандырылды, онда ақпараттық стендтер, нұсқау белгілері, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен жаппалар (беседка) орнатылды;
- Алматы халықаралық әуежайының паспорттық бақылау аймағындағы кабиналарды жабдықтау жұмыстары аяқтады. Енді туристерді әлемнің тоғыз танымал тілінде (қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және корей тілдерінде) қарсы алатын болды.
- Алматы қаласының әуежайында таксистердің заңсыз іс-әрекеттерінің жиілеуіне байланысты Халықаралық әуежай терминалдарында такси тарифтері көрсетілген ақпараттық стендтер ілінді, сондай-ақ кедендік бақылау аймағында шетелдік азаматтардың паспорттарына ақпараттық қосымша парақтар тарату көзделген.



Таксиге тапсырыс беру қызметтерін ұсынатын таксилердің құнына талдау жүргізілді және сапардың орташа бағасы есептелді. Жолаушылар тасымалы тарифтері олардың баратын орындары мен такси класына байланысты  1200-ден 12000 теңгеге дейін өзгереді. Бұл баға тұрақты емес, себебі, жолаушылар үшін ұсынылатын баға, такси қызметтерінің құны ауа-райын, сұранысты және басқа деректерді ескере отырып өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере отырып, жолаушылар баға саясатына қарай болжам жасай берсе болады.
 
Сондай-ақ, қала қиылыстарында 54 ақпараттық тотем жаңартылды. Қала картасынан басқа, олар қазір танымал туристік орындарға апаратын бағыттарды ұсынады.



«Біз қала тұрғындары мен қонақтарынан инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қарауды және вандализм фактілеріне жол бермеуді сұраймыз», - деді Ғ.Тоқсейітова.



Сонымен қатар, өткен жылы виртуалды 3D турлары басталды. Енді visitalmaty.kz сайтында әлемнің кез келген жерінде пайдаланушыларға тегін аудио-бейне турлар қолжетімді.


Туроператорлардың сауалдарына сәйкес, Алматының туристік әлеуетін арттыру үшін жақын және алыс шет елдерде (Дубай, Абу-Даби, Шарджа, Эр-Рияд, Джидда, Даммам, Доха, Маскат, Дели, Мумбай, Ташкент және Хошимин) 12 Road-show өткізілді. Сондай-ақ Сингапур, Париж, Лондон, Барселона, Пекин және Катардағы 6 ірі және маңызды халықаралық туристік көрмелерге қатысты.


Қорытындысы бойынша Алматы қаласының туроператорлары 2025 жылдың соңына дейін мегаполиске 85 000-нан астам шетелдік туристерді жіберуге шетелдік компаниялармен 500-ге жуық шарт жасасты. Аталған іс-шаралар шетелдік туристер ағынын тікелей арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. 


Алматының туристік бағыты ретінде маркетинг бағытындағы кешенді жұмыстың арқасында қала туристерді де, әлемдік жұртшылықтың да назарын аударады.


ӨКҚ спикері биыл туристердің сандық ағынынан сапаға көшу басталатынын, яғни маркетингтік стратегия Алматыға біздің қаламен тікелей әуе қатынасы бар елдерден төлем қабілеті жоғары туристті тартуға бағытталғанын атап өтті. Оның ішінде Таяу Шығыстан (БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар), Еуропадан (Италия, Германия, Ұлыбритания), Азиядан (Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея). Қаланы халықаралық нарықта туристік дестинация ретінде маркетингтік ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс Алматыға туристердің келу сұранысының артуына ықпал етті.


Алматы қаласының Туризм басқармасы 2024 жылы туристік саланы одан әрі дамыту және нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруға ниетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04