AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Жетісу ауданындағы өнеркәсіп кәсіпоры...

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Барлығы 30.08.2025, 22:17 447
Алматы әкімі Жетісу ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Жетісу ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, олардың өндірістік қуатымен және даму жоспарымен танысты.

Алғашқы нысан – «Казлегпром-Алматы» ЖШС тігін және аяқкиім фабрикасы болды. Кәсіпорын 1 гектар аумақта орналасқан, өндірістік ғимараттарының жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асады. Жобалық қуаты жылына 1 млн жұп аяқкиім мен 1,5 млн дана тігін бұйымын шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда фабрика күніне 1500 жұп аяқкиім өндіреді.

Фабрика бүгінде еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етіліп, жаңа технологиялар енгізілуде. Өнімдер СТ-KZ стандарты бойынша сертификатталып, қазақстандық қамту үлесі 52%-дан 93%-ға дейін жетеді. Кәсіпорын арнайы жұмыс киімдерін, әскери форманы, ерлер мен оқушыларға арналған киімдер мен аяқкиім түрлерін шығарады. Істің бастауында небәрі 30 адам еңбек етсе, бүгінде қызметкерлер саны 650-ге жеткен. Оның ішінде 50-ден астамы – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, Алматы үшін жұмысшы мамандықтарын дамыту мен қала тұрғындарына тұрақты еңбек орындарын ашу – басты міндеттердің бірі.

Кейін қала әкімі «Karina Paper» және «PAPIRONE» ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Бұл компаниялар Қазақстан мен Орталық Азиядағы қағаз өнімдерін шығаратын ең ірі өндірушілердің қатарында, олардың нарықтағы үлесі 40–60%-ды құрайды. Бүгінде өндірісте 788 адам еңбек етеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 4,9 млрд теңге салық төленсе, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 12 млрд теңгеден асты. Осы арқылы аталған кәсіпорындар Жетісу ауданындағы ең ірі салық төлеушілердің бірі болып отыр.

2025 жылдың қазан айында компания жалпы аумағы 43,5 мың шаршы метр болатын логистикалық және қойма кешенінің құрылысын бастайды. Жобаның құны – 22 млрд теңге, оның ішінде 8,5 млрд теңгесі акционерлердің өз қаражаты. Жоба аясында 260 жаңа жұмыс орны ашылып, жыл сайынғы салық түсімі 1,3 млрд теңгеге дейін жеткізілмек.

Сонымен қатар, 2026 жылдың наурыз айында кәсіпорында қағаз өнімдерін шығаратын төртінші өндірістік желінің құрылысы басталады. Жобаға салынатын инвестиция көлемі – 5 млрд теңге. Жаңа қондырғылар өндіріс қуатын арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға және 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Алматы кәсіпорындарының өндірістік әлеуетін кеңейту отандық өнім шығару көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға, экспорттық мүмкіндікті нығайтуға, бюджет кірісін көбейтуге және қаланың тұрақты дамуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды #өнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29

БҚО әкімі мас күйде көлік жүргізген

Бүгін 15:13

Шілдеден бастап Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 14:57

Голливуд жұлдызы қазақстандық блогерге алғыс айтты

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика