Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі резидентура мен магистратурада мед...

Алматы әкімдігі резидентура мен магистратурада медициналық кадрларды даярлау үшін 120 грант бөлді

Әлеумет 01.09.2021, 12:13 1,084
Алматы әкімдігі резидентура мен магистратурада медициналық кадрларды даярлау үшін 120 грант бөлді
kapital.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында медицина саласындағы кадрларды даярлауға 120 грант бөлінді. Бұл орын алған тапшылықты жою мен  мамандардың жаңа буынын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


 
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен өткен жергілікті атқарушы органның қаржысы есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселесі бойынша қалалық комиссияның онлайн-кеңесі барысында нарықтың қажеттілігін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау жөніндегі тиісті мәселелер қаралды. 


Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің қаржысы есебінен клиникалық мамандықтарды  даярлау бойынша 120 грант бөлінді, оның ішінде мақсатты резидентураға (110 грант) және магистратураға (10 грант) және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне «эпидемиология» мамандығына, Қазақстан-Ресей медициналық университетіне (университеттер мемлекеттік білім гранттарын орналастырудың конкурстық тәртібі бойынша анықталды) берілді.



Бүгінде Алматыда кадрлар тапшылығы 300-ден астам дәрігерді құрайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында  республикалық бюджет есебінен клиникалық мамандықтар бойынша резидентурада оқуға 38 грант бөлінеді. Әкімдік ұсынатын 120 грант медициналық ақпараттық жүйелер деректері негізінде және "Алматы қаласында медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы" Жол картасын іске асыру аясында, сондай-ақ кадрлармен қамтамасыз ету саласындағы динамиканы ескере отырып жасалған аса тапшы дәрігерлік мамандықтарды даярлауға негізделген. Жалпы, кадрлар тапшылығын алдағы 2-3 жылда жабу жоспарлануда.



Айта кетерлігі, комиссия үміткерлер жоқ мамандықтар бойынша гранттарды сұранысы жоғары, сонымен қатар «кардиохирургия», «неонатология» мамандықтары бойынша гранттар санын көбейту  үшін қайта бөлу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ковидтік және ковидтік емес стационарларға қажет мамандар ескерілді.



Сонымен, гранттар келесі мамандықтар бойынша берілді: анестезиология және реанимация - 35 грант, жұқпалы аурулар - 18, терапия - 10, пульмонология - 6, кардиология - 2, педиатрия - 9, неонатология - 3, неврология - 3, отоларингология - 6, клиникалық фармакология - 2, гастроэнтерология - 6, офтальмология - 3, эндокринология - 3, балалар хирургиясы - 2, травматология және ортопедия - 2, жедел медициналық көмек - 3, физикалық медицина және оңалту - 5, нейрохирургия - 2.



2-3 жылдық оқу аяқталғаннан кейін Алматы қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарында және қаланың қоғамдық денсаулық басқармасына бағынышты ұйымдарда тиісті мамандық бойынша 5 жыл жұмыс істеу  қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сағынтаев #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Бүгін 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Бүгін 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі