AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі қоғамдық көліктер кестесінде неге...

Алматы әкімдігі қоғамдық көліктер кестесінде неге кешігулер болғанын түсіндірді

Әлеумет 06.10.2021, 13:20 1,343
Алматы әкімдігі қоғамдық көліктер кестесінде неге кешігулер болғанын түсіндірді
zakon.kz

Алматы әкімдігі қоғамдық көліктер жұмысының жүру кестесінде неге кешігулер болғанын түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«6 қазан күні Алматыда ауа температурасы төмендеп, қар аралас жауын жауды. Осыған байланысты қоғамдық көліктердің жүру кестесінде кешігулер мен аралық үзілістер пайда болды, жоспарлы кейбір бағыттар тек сағат 8-ге таман қалпына келтірілді», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасынан.



Басқарма мәліметінше, сондай-ақ бүгін қосалқы стансалардың бірінде (№16) электр кабелі істен шықты. Салдарынан Шаляпин көшесінен Саин және Момышұлына дейін, Момышұлы бойымен Абайға дейін 3-ықшамауданнан Саин көшесіне дейін және Саин бойымен Жұбановтан Студент көшесіне дейін троллейбус бағыттарының қозғалысы бұзылды.



«Маршруттардың толық тоқтап қалуын болдырмау үшін, жоспарланған №5, 12, 6, 11 троллейбустар санын қысқарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта барлық троллейбустар 100 пайыз жолға шықты», - деді басқармада.



Ал таңертеңгі уақытта автобустар санының 94%-ға дейін азайып кетуі ауа райына байланысты болды. Себебі, төмен температураның әсерінен дизель отыны қоюланып кеткен. Тасымалдаушылар маусымдық отынды жылдық кесте бойынша 15 қазанға дейін жеткізуге тапсырыс берген. «Басқарма мен тасымалдаушы компания автобустардың маршруттарға жоспарлы шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қолданып жатыр», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауарауы #автобустар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Бүгін 09:23

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика