Алмалы ауданында «Халықтық қатысу бюджеті» бағдарламасы бойынша 34 жоба жүзеге асырылуда, деді Е.Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде.
Бүгінде 7 жоба аяқталды, «АРО» скверін автоматты суару және көгалдандыру жүйесі қосылды, Бөгенбай батыр бульвары Сейфуллин даңғылынан Шәріпов көшесіне дейін абаттандырылды. Бұрын бос жатқан Шевченко – Мұратбаев учаскесінде воркаут және жаттығу алаңы салынды, «АЗТМ» скверінде иттерді серуендетуге арналған алаң жасалды, сондай-ақ Досмұхаметов, 68 және Аносов, 37 көшелерінің аулаларына жөндеу жүргізілді.
Тағы 27 жоба қазан айының соңына дейін аяқталады.