AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алмалы ауданында 50 шақырым электр желісі ауыстыры...

Алмалы ауданында 50 шақырым электр желісі ауыстырылды

Әлеумет 23.11.2023, 06:13 803
Алмалы ауданында 50 шақырым электр желісі ауыстырылды
almaty-akshamy.kz

Коммуналдық инфрақұрылым қалай жаңғыртылып жатқанын Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Өз сөзінде аудан әкімі тозығы жеткен электр желілері проблемаларын атады. Оның айтуынша желілердің 81%-ы ескірген. 



«Аудандағы электр желілерінің ұзындығы 1000 шақырымнан асады. Жыл басынан бері электр желілерінде барлығы 320 апат тіркелді, бұл кабельдердің тозғанын білдіреді.  «АЖК» АҚ күштерімен тозуды азайту және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 50 шақырым реконструкциялау жұмыстары жүргізілді»- деді А. Жақыбаев.



Су құбыры желілерінің 72,5%-ы тозған, оның салдарынан  130 апат тіркелді. Сумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 4 учаскеде 1,9 шақырым.желіні қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жалпы, аудан халқы 100%-ы сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген. 


Алмалы ауданында барлық 1395 көппәтерлі тұрғын үй жылумен жабдықталған.  Жылу желілерінің 63% - ы ескірген.


«Биыл Бөгенбай батыр көшесінің бойымен Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батырға дейінгі 400 м жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Оған қосымша 16 мекенжай бойынша жоспарлы жұмыстар аяқталды», -  деп толықтырды аудан басшысы. 


Аудан тұрғындары 95% су бұру жүйесімен қамтамасыз етілген. Ауданда «Алматы Су» МКК балансында орналасқан 249 шақырым кәріз желілері бар.


Ауданның су бұру желілері бойынша тозу 79,2% - 198,2 шақырым. биыл жеке сектордың 6 көшесінің тұрғындары: Қастек-2, Моңғол, Есентай, Бруно, Рахманинов, Қожамқұлов жалпы ұзындығы шамамен 3 шақырым орталық кәрізбен қамтамасыз етілді. 


«2024 жылы халықтың 99% - ы су бұру жүйесімен қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде ұзындығы 14 км ауданның 25 көшесінде су бұру құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деп атап өтті А.Жақыбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #Электржелі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Кеше 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Кеше 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Кеше 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Кеше 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Кеше 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);