AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының өкілдерімен ке...

Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының өкілдерімен кездесті

Әлеумет 21.09.2022, 13:29 1,150
Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының өкілдерімен кездесті
Сурет: primeminister.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының бас өндірістік директоры Гвидо Брускомен, барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі компанияның еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін атап өтті.



«Біз Қашаған кен орнын толық көлемде игеруге, Қарашығанақ кен орнында мұнай мен конденсат өндіруді қолдауға және газ саласын дамытуға ерекше назар аударамыз», — деді Премьер-Министр.



Сондай-ақ ол Үкімет «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жөніндегі консорциумның жоспарларын қолдайтынын жеткізді.


Өз кезегінде Гвидо Бруско компанияның Қазақстандағы жұмысы бойынша ұзақ мерзімді жоспары барын айтты.



«Біз қолданыстағы жобалар бойынша қажетті шешімдерді уақытылы қабылдап, жаңаларын, соның ішінде жаңартылатын энергетика саласында іске асыру мүмкіндіктерін іздейміз. Үкіметтің қолдауының арқасында жобалар бойынша туындайтын барлық мәселелер жұмыс тәртібімен шешіледі», — деді Гвидо Бруско.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #«Eni» компаниясы #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);