AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік қызметкерлер мен жобаларға арналған рес...

Әлеуметтік қызметкерлер мен жобаларға арналған республикалық байқаудың 129 финалисі анықталды

Әлеумет 17.10.2025, 09:18 527 dulatbekova
Әлеуметтік қызметкерлер мен жобаларға арналған республикалық байқаудың 129 финалисі анықталды
Сурет: Gov.kz

«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» атты республикалық байқаудың өңірлік кезеңі аяқталды. Елдің барлық өңірлерінен байқауға жеті номинация бойынша 1041 өтінім келіп түсті.

Сараптау нәтижесінде республикалық кезеңге 129 финалист өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болған бұл конкурс әлеуметтік сала мамандарының белсенділігін және инновациялық бастамаларын анықтап, көтермелеуді, сондай-ақ олардың кәсіби беделін арттыруды мақсат етеді.

Әлеуметтік қызметкер мамандығы – қоғамдағы ең ізгі әрі маңызы зор мамандықтардың бірі. Бұл сала мамандары күн сайын өмірдің қиын жағдайына тап болған жандарға көмек көрсетеді: жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсетеді, отбасыларға қолдау білдіреді, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда жұмыс істейді, елдің әл-ауқаты үшін баға жетпес үлес қосады. Елімізде жарияланған Еңбек адамы жылы аясында бұл конкурс әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы еңбегінің маңыздылығын айқындап, олардың жанқиярлық қызметіне қоғам назарын аударуды көздейді.

Республикалық кезеңге жеті номинация бойынша финалистер іріктелді. Ең көп қатысушы ұсынылған номинация – «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша 20 үміткер іріктелді. Ал «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік әлеуметтік педагог», «Еңбек мобильділігі орталықтарының үздік қызметкері» және «Үйде күтім көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері» номинацияларының әрқайсысынан 19 финалист шықты. «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» номинациясы бойынша 17 маман, ал «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері» номинациясы бойынша 16 маман бақ сынайды.

Байқауға еліміздің барлық өңірлері белсенді қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша 13 өңірдің (Астана, Алматы қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары) өкілдері барлық жеті номинацияда ұсынылды.

Келесі кезеңде депутаттық корпус өкілдері, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтік сала сарапшыларынан құралған республикалық комиссия 20 қазанға дейін жеңімпаздарды анықтайды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 24 қазанда, Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қызметкерлер #жобалар #республикалық байқау #финалист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика