AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына ора...

Алматыда Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

Мәдени Алматы Бүгін 15:57 30
Алматыда Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті
Алматы әкімдігі

«Алатау» театрының артистері «Аққу жүрек» атты поэзиялық композиция ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алатау дәстүрлі өнер театрында белгілі қазақ ақыны Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған «Жыр аққуы – Марфуға» атты шығармашылық кеш өтті. Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, ақындар, белгілі өнер қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері жиналды. Іс-шара Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Марфуға Айтқожа – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. Туған жер, махаббат, адам сезімі мен халық тағдырын арқау еткен шығармалары қазақ поэзиясында айрықша орын алады.

Мерейтой кешін дирижер Жексен Айсынның жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі ашты. Музыкалық қойылымдар ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырған поэзиялық композициялармен алма-кезек өріліп отырды.

Кеште Қазақстанның халық артисі Шахимардан Әбілов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Махмұт Тойкенов, Гүлзат Дәуірбаева, Әділет Жексенби, Тілебек Қожанұлы, Еркін Шүкіман, Қабылаш Әбікейұлы және халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсұлтан Сабиров өнер көрсетті.

Бағдарламадағы ерекше қойылымдардың бірі актер Болат Әбділманов орындаған «Абай аманаты» монологы болды. Ал «Алатау» театрының артистері «Аққу жүрек» атты поэзиялық композиция ұсынды.

Кеш қонақтарының қатарында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов пен Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы болды. Олар ақынды мерейтойымен құттықтады.

Кеш соңында Марфуға Айтқожа көрермендерге алғыс білдірді. Сондай-ақ Алматы әкімдігіне, ұйымдастырушыларға, өнер көрсеткен артистерге және мерейтой қуанышын бірге бөлісуге келген барша қауымға ризашылығын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:06

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Бүгін 15:51

Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды

Бүгін 15:34

Алматыда скейтборд тебуге арналған алаңы бар сквер ашылды

Бүгін 15:16

Алматыда жаңа үлгідегі ақылды қалалық көмекші іске қосылды

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);