AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар со...

Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды

Заң мен тəртіп Бүгін 15:34 21
Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды
Polisia.kz

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 19,8 млн теңгеден асты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай облысында Жарма ауданында полицейлер ірі қара мал ұрлығына қатысты бірқатар қылмыстың бетін ашты. Тергеу барысында алты эпизодқа сегіз адамның қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 19,8 миллион теңгеден асты.

2025 жылдың қыркүйек айында Суықбұлақ ауылының маңында малдың жоғалғаны туралы полицияға арыздар түсе бастаған. Әртүрлі уақытта шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарға тиесілі мал ұрланған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицейлер малдың жоғалу мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді, сондай-ақ жедел іздестіру және тергеу шараларын жүргізді. Тергеудегі маңызды айғақтардың бірі жеке тұрғын үй ауласында ірі қара малдың сойылған сәті түсірілген бейнежазба болды. Жазбаны зерделеп, алынған мәліметтерді тексеру нәтижесінде күдіктілер анықталды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде сегіз адам ұсталды. Алғашқы дерек бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырған полицейлер мал ұрлығының тағы бес эпизодын анықтады. Жалпы, тергеу барысында 52 бас ірі қара малдың ұрланғаны дәлелденді. Келтірілген шығын көлемі 19,8 млн теңгеден асқан.

Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды. Жарма аудандық сотының үкімімен кінәлілер бас бостандығынан айырылды.

Полиция мал иелеріне төрт түліктің жайылымдағы қозғалысын бақылап, малдың бар-жоғын уақытылы тексеріп отыруды және жоғалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласуды ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда скейтборд тебуге арналған алаңы бар сквер ашылды

Бүгін 15:16

Алматыда жаңа үлгідегі ақылды қалалық көмекші іске қосылды

Бүгін 14:02

Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді – Тоқаев

Бүгін 13:58

Тоқаев: «Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді»

Бүгін 13:50

Тоқаев: «Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды»

Бүгін 13:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);