Бейнероликтерде нақты кеңестер ұсынылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыдағы ауа сапасына не әсер етеді? Неліктен кейде қаланы көк түтін басады? Зиянды шығарындыларды азайту үшін әрқайсымыз не істей аламыз? Осы сұрақтарға «Eco Almaty» ЖШС тапсырысымен дайындалған танымдық бейнероликтерде қарапайым әрі түсінікті тілмен жауап беріледі.
Бейнероликтерде нақты кеңестер ұсынылған. Мәселен, жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті жиірек пайдалану, автокөліктің техникалық жағдайын қадағалау, қоқыс жақпау, көмір мен отынның орнына мүмкіндік бар жерде табиғи газды қолдану ұсынылады.
Өйткені ауа сапасына күнделікті әдеттеріміз де әсер етеді. Тіпті, сол әдетке енгізілген шағын өзгерістің өзі қоршаған ортаға оң әсер етеді.