AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары жа...

Алматыда «Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр

Алматы Бүгін 16:06 22
Алматыда «Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы әкімдігі

Жобаның басты міндеттерінің бірі – «Медеудің» сәулеттік келбетін сақтау, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аумағы 10,5 мың шаршы метр болатын мұз алаңы, жаңа салқындату жүйесі, жаңартылған инженерлік желілер мен спортшыларға арналған заманауи бөлмелер – аңызға айналған спорт кешенін осындай өзгеріс күтіп тұр.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасы өкілдерінің айтуынша, нысанда жұмыс бірден бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Бүгінде трибуналарды нығайту, шатырды орнату, қасбетті сәндік әрлеу және трибуналарды гидрооқшаулау жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілері тартылды.

Ғимарат ішіндегі бөлмелерді дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір құрылысшылар сыртқы жылу оқшаулағыштарын орнатып, ішкі қабырғаларды қаптау және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу жұмыстарын атқаруда.

Қайта жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – аумағы 1,3 мың шаршы метр болатын машина залы. Мұнда монолитті құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Дәл осы бөлмеде кешеннің инженерлік және салқындату жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін жабдықтар орналастырылады.

Жаңғырту жұмыстарының тағы бір маңызды бағыты – мұз алаңын жаңарту. Оның жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында мұз төселетін технологиялық плита мен салқындату жүйесі толығымен жаңартылады. Бұл сыртқы ауа температурасы +15 градусқа дейін көтерілсе де, мұздың сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер енгізілуде. Технологиялық үдерістерді автоматтандыру және жылумен жабдықтау жүйесін табиғи газға көшіру көзделген. Соның нәтижесінде энергия ресурстарын тұтыну көлемі 25-30%-ға азаймақ.

Өзгеріс спортшыларға арналған инфрақұрылымды да қамтиды. Шығыс трибунаның астында төрешілерге арналған бөлме, допинг-бақылау аймағы және әрқайсысының аумағы шамамен 50 шаршы метр болатын сегіз заманауи киім ауыстыру бөлмесі жабдықталады.

«Медеу» қонақ үйін жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Жаңғыртудан кейін қонақ үй бір мезгілде 140 спортшыны қабылдай алады. Бұл кешен базасында толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте жобаның басты міндеттерінің бірі «Медеудің» сәулеттік келбетін сақтау. Сондықтан қайта жаңғырту жұмыстары негізінен ішкі құрылымдарды, инженерлік желілерді және технологиялық жабдықтарды жаңартуға бағытталған. Кешеннің тарихи келбеті өзгеріссіз сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:57

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Бүгін 15:51

Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды

Бүгін 15:34

Алматыда скейтборд тебуге арналған алаңы бар сквер ашылды

Бүгін 15:16

Алматыда жаңа үлгідегі ақылды қалалық көмекші іске қосылды

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);