AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арзандады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арзандады

Әлеумет 11.04.2023, 14:35 999 Almaty-akshamy.kz. 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде соңғы төрт аптада (1-28 наурыз) әлеуметтік маңызы бар жеті азық-түлік түрінің бағасы төмендеді, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 



Пияздың бағасы ай басынан бері 2,5%, картоп 1,1%, сәбіз 0,1%, сондай-ақ қарақұмық 4,1%, қант 9%, күнбағыс майы 1,2% және тауық еті 0,4%-ға төмендеді.


Ал, наурыз айының соңғы аптасында, 20-28 наурыз күндері, картоп 0,7%-ға, пияз 0,3%-ға, ақ қырыққабат 0,1%-ға, қарақұмық жармасы 1,3%-ға, күнбағыс майы 1,1%-ға және түйіршіктелген қант 0,8%-ға арзандаған.


Дегенмен, бірінші сұрыпты бидай ұны және одан жасалған нан, тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құны өзгеріссіз қалды.


Өткен жылы бұл көрсеткіш мүлдем басқа болған. Биыл біршама арзандағанын байқауға болады. Былтырғы жылдың азық-түлік бағасын еске түсірейік. Мәселен, айдың соңғы аптасында, 24-29 наурыз күндері, картоп бірден 2,6%-ға, ал ай басынан бері 15%-ға, сәбіз 3,9%-ға қымбат болған. Наурыздың соңғы аптасында қант 1%-ға, ал ай басынан бері 35%-ға қымбаттаған еді. Осылайша, биылғы наурыз айындағы баға өткен жылмен салыстырғанда оң нәтижесін беріп отыр. 


Естеріңізге сала кетейік, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ақпан айында көкөністерге тауарлық интервенциялар бағасын тұрақтандыруға бағытталған басқа да шаралар басталғанын, бұған дейін қант өнеркәсібіне қолдау көрсететінін мәлімдеген болатын.


Өңірлерде де азық-түліктің арзандағанын байқауға болады. Атап айтқанда, бір аптадан бері картоп өнімі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қонаев, Қостанай және Қызылорда қалаларында арзандаған. Ал, пияз бен қырыққабаттың бағасы бағасы Астана, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Орал және Түркістанда қалаларында төмендеді.


Айта кететін жайт, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың наурыз айында Қазақстанда инфляция төмендей бастайды деген болжамы шындыққа айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеуметтік #азық-түлік #арзандады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);