Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданының инженерлік желілері қалай жаңарты...

Алатау ауданының инженерлік желілері қалай жаңартылып жатыр

Әлеумет 24.06.2025, 17:02 1,027
Алатау ауданының инженерлік желілері қалай жаңартылып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Алатау ауданы инженерлік инфрақұрылымды салу мен жаңғырту жағынан қарқынды түрде жаңарып келеді. Сапалы коммуникациямен қамтамасыз ету жұмыстары бұрын қалаға қосылған аумақтарды қоса алғанда, барлық ықшам ауданды қамтып отыр. Бұл аудандарда тұрғындар ұзақ жыл бойы орталықтандырылған жүйенің болмауына байланысты септик пен құдықтарды пайдалануға мәжбүр болған. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы Алғабас және Саялы ықшам аудандарында маңызды жобалар аяқталды: 48,6 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері, сондай-ақ Өжет ықшам ауданында кәріздік сорғы станциясы (КНС) салынды. Жұмыстардың жалпы құны — 3,5 млрд теңге. Осы жобалардың арқасында 5 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған ауыз су мен кәріз жүйесіне қол жеткізді.

  • 2025 жылдың желтоқсан айында Боралдай, Ақбұлақ, Шапағат, Болашақ және Рахат-Мәдениет ықшам аудандарындағы 23 мың тұрғынға арналған 270 шақырым инженерлік желіні салып бітпек. Сонымен қатар, Айгерім ықшам ауданында жаңа кәріздік сорғы станциясы пайдалануға беріледі. Бұл жобалардың жалпы құны — 15,5 млрд теңге.
  • Теректі ықшам ауданына ерекше көңіл бөлінген, мұнда 2025 жылғы шілдеде 10,9 млрд теңгелік ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырыла бастайды. Биылдың өзінде 4 млрд теңге бөлініп, 90 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жоспарланған. Бұл жүйелер 9 мыңнан астам тұрғынды сумен, кәрізбен қамтамасыз етпек. Жұмысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
  • Биылғы тамыз айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін 13 және 14-территория, Болашақ, Қарасу, Айгерім-1, Айгерім-2 ықшам аудандарында және «Өжет» кәріздік сорғы станциясында 60 шақырым инженерлік желінің құрылысы басталады. 6,6 млрд теңгеге бағаланған бұл жобалар 2026 жылдың қарашасында аяқталады.

2025 жылдың ақпанында Шаңырақ-1, Шаңырақ-2 және Қарасу ықшам аудандарында 18 кәріздік сорғы станциясы салынып бітті. 2025 жылдың қыркүйегіне дейін бұларды толық қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2025 жылдың қарашасында Өжет пен Самғау ықшам аудандарында 2,1 млрд теңгеге тағы 5 сорғы станциясын салып бітпек. 

Ең үлкен жобаның бірі — «Батыс кәріз коллекторының» құрылысы. Стратегиялық маңызы бар бұл нысанның құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпанында басталды. Ұзындығы — 34,9 шақырым, инвестиция көлемі — 37,2 млрд теңге. Бұл жоба Алатау мен Наурызбай аудандарының 130 мың тұрғынын және Алматы облысындағы Іле ауданының Аманат ауылын орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтамасыз етеді. Жоба аясында Алғабас ықшам ауданында кәріздік сорғы станциясы да салынады. Барлық жұмыстар 2026 жылдың қарашасына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, электр желілері де жаңартылып жатыр.  2025 жылы «АЖК» АҚ Шаңырақ-1, Айгерім-1, Айгерім-2, Ұлжан-2, Ақбұлақ, Алғабас, Теректі, Өжет және Қарасу ықшам аудандарын қамтыған 10 ықшам ауданда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіледі. 170 шақырым желі жаңартылып, тағы 28,5 шақырым желі күрделі жөндеуден өтпек. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Шаңырақ, Ұлжан және Өжет аудандарын қамтитын 8 ықшам ауданда иесіз 73,5 шақырым желі қайта жаңартылып, 33 трансформаторлық қосалқы станция орнатылады. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінген.

  • Жаңа өнеркәсіптік және саяжай аймақтарын электрмен жабдықтау да назардан тыс қалған жоқ. Биыл Индустриалдық аймақ пен Теплоэнергетик, Энергетик массивтерінде 9,3 шақырым жаңа желі салынып, оған 325 млн теңге бөлінді.
  • 2025 жылдың мамырынан бастап Алатау ауданындағы 255 көше мен қоғамдық кеңістіктерде 2 900 бағана мен 3 500 шам орнатуды көздейтін ауқымды жоба басталды. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге.

Осылайша, Алатау ауданы Алматы қаласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан ауданның біріне айналып отыр. Мұнда салынған әрбір теңге ондаған мың тұрғынның өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #электр желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика