ffin.kz

Алатау ауданында арықтар, аулалар жөнделіп, балалар алаңдары салынуда

Алатау ауданында арықтар, аулалар жөнделіп, балалар алаңдары салынуда Сурет: 7kun.kz

Жыл басынан бері "Ақбұлақ", "Қарасу", "Шапағат", "Шаңырақ-1, 2", "Ұлжан-1", "Самғау", "Көк-Қайнар", "Байбесік", "Дархан", "Әйгерім" шағынаудандарында 69 көше бойынша арық желілерінің құрылысы жүргізілуде. Абаттандыру туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертіс Бесіров айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.



«Су басудың алдын-алу мақсатында, Жасыл экономика басқармасы тарапынан жыл басынан бері "Ақбұлақ", "Қарасу", "Өжет", "Шапағат", "Шаңырақ-1,2", "Ұлжан-1", "Самғау", "Көк Қайнар", "Байбесік", "Дархан", "Әйгерім" шағынаудандарында жалпы ұзындығы 51 км болатын 69 көше бойынша арық желілерінің құрылысын жүргізуде», - деп хабарлады Е. Бесіров.



Сонымен қатар, 53 аула аумағын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Алматы қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында біздің тарапымыздан  "Зерделі" шағынауданында 63 үйінің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарды 2022 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Ұлжан, Шаңырақ-2, Нұркент, Алғабас шағын аудандарының жасыл аймақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 


Е. Бесіров бүгінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қарқынды түре жүзеге асырылып жатқанын, онда әрбір тұрғын өз жобаларын ұсына алатындығын айтты.



«2020 жылы бағдарлама аясында қала тұрғындарынан 99 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне сәйкес 31 жоба жүзеге асырылды Бүгінгі күні 21 нысанның құрылысы аяқталды, қалған жұмыстар аяқталуға жақын», - деді ӨКҚ брифингі спикері. 



2021 жылы «2021-2022 жж.халықтық қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында 175 жоба келіп түсті, оның ішінде қала тұрғындарының дауыс беруімен 1,3 млрд теңге сомасына 26 жоба іске асыруға жіберілді.


24 жоба бос жерлерде жаңа кеңістіктер құруды көздейді. Бұл балалар ойын алаңдары, воркауттар мен спорт кешендері, жаяу жүргіншілер мен жасыл аймақтар. Сондай-ақ, жобаларды таңдау кезінде әр шағын ауданды қамтитын қоғамдық кеңістікті ескерілді.


Сондай-ақ, магистралды көшелер бойындағы (Рысқұлов даңғылы, Момышұлы көшесі) жасыл аймақты тиімді ұстау үшін автоматты суару жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.


Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы бір саябақ пен екі жыра-сайды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Жобаларда тротуар плиталарын төсеу, жаңа жарықтандыру, балалар алаңдарын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, пирстерді жайластыру жұмыстары қарастырылған. ҚМЖ өткізудің жоспарланған мерзімі - 2023 жылдың соңына дейін.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02